Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар тыл ардагерімен кездесті

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Qosyl» қалалық жастар орталығы және «Жас Отан жастар қанатының мүшелері тыл ардагері Мәлік Айтбаевпен кездесті.

Кездесу барысында ардагер жастарға сұрапыл соғыс кезіндегі қиыншылықтарды атап өтіп, еліміз үшін бүгінгі бейбітшіліктің құндылығын жеткізді. Сондай-ақ, әрбіріміз елдің егемендігі мен бірлігінің маңыздылығын терең ұғыну керектігін де тілге тиек етті.

Бауыржан Момышұлы атамыздың «Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» деген сөзін еске ала отырып, жастарға тылдағы қиыншылықтарды айтты. Елінің ертеңі үшін аянбаған ата-балаларымыздың ертедегі ерлігі қай кезде де ұрпақ санасында болу керектігін де жеткізді.

Кездесу соңында жастар тарих шеңберіндегі түрлі сауалдарын жолдаса, ардагер «Жарқын еліміздің, жарқын азаматтары болыңдар!» деп батасын берді.

0
0
114

Осы тақырып бойынша

Жастар тыл ардагерімен кездесті - Yvision.kz