Мониторинг жұмыстарын жүргізілді
«Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы тарапынан құрылған жұмысшы топ (құрамында: Ә.Тұрдалиев – қалалық ПБК төрағасы, К.Шахметов –ПБК мүшесі, Г.Есенғалиева партияның белсенді мүшесі ) індеттің алдын алуына байланысты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті оқу орындарының студенттер жиналатын орындарына және жатақханаларына партиялық бақылау комиссия тарапынан мониторинг жұмыстарын жүргізді. Аталмыш жоғары оқу орындарында онлайн форматта оқыту жүргізілуде. Оқу орындарында оқытушылар және студенттердің оқу залына және спорттық кешендеріне қатынауына байланысты, санитарлық қорғаныс шаралары талапқа сәйкес сақталған.
