Тұңғыш Президент күніне орай танымал алматылықтар «Nur Otan» партиясының қатарына кірді
Тұңғыш Президент күніне орай танымал алматылықтар «Nur Otan» партиясының қатарына кірді
Партияның қатарында кикбоксингтен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ушу-саньдадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Имид Тохтасун, актер және режиссер, қазақстандық эстрада әншілерінің клипмейкері Мерей Маханов бар. Аталған нұротандықтарға партиялық билет партияға салтанатты қабылдау рәсімінде табыс етілді.

Сондай-ақ партияға короновирустық пандемия кезінде жоғары нәтижелер мен кәсібилік көрсеткен үздік медицина қызметкерлері де қабылданды.
Олардың арасында №5 қалалық клиникалық аурухананың аға мейірбикесі Алиша Жумагулова да бар. Партия қатарын жас педагогтар да толықтырды. Олардың бірі Нұргүл Темірешова - аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған №10 жалпы білім беретін мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Режиссер Мерей Маханов пандемия кезінде партияға кіру себебін айтты.
«Мен төтенше жағдай кезінде өз әрекетін сөз жүзінде емес, іс жүзінде қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсеткен нұротандықтардың жұмысын бақылап, сол себепті де өз халқыма көмектесу үшін партияға кіру туралы шешім қабылдадым», - деп атап өтті Мерей Маханов.
Кездесу барысында партияның қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров бастауыш партия ұйымдарының басшыларын атап өтіп, оларға «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан алғыс хаттар табыс етті. Өз сөзінде @stanislav_kankurov барлық қазақстандықтарды және кездесу қатысушыларын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталды.


