Білім және медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өтті

30 қараша күні Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин білім және медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.
Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы негізіндегі атқарылып жатырған жұмыстар мен алдағы уақытта өтетін сайлауға дайындық жұмыстары талқыланды. Партияның сайлау алды бағдарламасының және ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлаудың аса маңыздылығын ескере отырып қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.

