«Психология» мамандығының еңбек нарығындағы мүмкіншіліктері
Қасен Г.А., Мадалиева З.Б.,КазНУ им. аль-Фараби
Мамандық таңдау - өмірдегі ең маңызды қадам. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың салдары, тек адамның өзіне ғана емес, қоғамға кері әсерін тигізеді.
Бүгінгі таңда «Психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына - болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етсе керек. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда: білім беру, медицина және денсаулық сақтау, құқық қорғау, бизнес, саясат, басқару, жарнамалау, т.б. салаларда.
Психологияның зерттеу пәні - адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Сондықтан да психология мамандығының болашағы зор екенін бүгінгі уақыттың талап-тілегінен туындап отыр. Қай заманда да сұранысқа ие және сұраныстан шығатын мамандық болған және бола бермек.
"Психология" бағыты бойынша кәсіби дайындықты көп жылдар бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы жүзеге асырып келеді.
"Психология" бағыты-бұл мамандандыру мен біліктіліктің кең спектрі, сондықтан білмейтін оқырман үшін мұнда ұсынылған білім беру бағдарламаларына толық экскурсия қажет болады.
Бакалавриат деңгейінде кафедра кең бейінді практикалық психолог мамандық бағыты бар білім беру бағдарламасын ұсынады:
- кәсіпорындарда және банк құрылымдарында;
- медициналық мекемелерде;
- әскери құрылымдарда;
- жалпы білім беру құрылымдарында;
- психологияны жалпы білім беру пәндері ретінде оқыту орта оқу орындарында;
- ұйымдардағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет орындарында (HR қызметкері ретінде);
- психологиялық және білім беру орталықтарында психолог-кеңесші, психолог-тренер ретінде;
-өмірдің әртүрлі салаларында адам қызметін талдаумен айналысатын сарапшылар ретінде;
- мемлекеттік ұйымдардағы кәсіби қызметтте (мысалы, сот-медициналық немесе әскери сараптама ұйымдарындағы сарапшының жұмысы).
Магистратура деңгейінде білім беру, ғылым, бизнес, денсаулық сақтау, индустрия, қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет салаларында, сондай-ақ әскери және күштік құрылымдар, мамандандырылған қызметтер үшін әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша дайындық жүргізіледі.
Мұнда ұсынылған магистратураның білім беру бағдарламаларының атаулары берілген:
1) Психология (ғылыми-педагогикалық) – екі жылдық.
2) Балалар психологиясы (ғылыми-педагогикалық) – екі жылдық.
3) Клиникалық психология (ғылыми-педагогикалық) – екі жылдық.
4) Дін психологиясы мен әлеуметтануы (ғылыми-педагогикалық) – екі жылдық.
5) Тұлға және ұйымдастыру психологиясы (ағылшын тілінде) – екі жылдық.
6) Денсаулық сақтаудағы психология (бейінді) – бір жылдық.
7) Төтенше жағдайлар психологиясы (бейінді) - бір жылдық
8) Спорттық психология (екі дипломдық, бейіндік) – бір жылдық.
Жоғарыда аталған бакалавриат және магистратура бағдарламалары туралы толығырақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің сайтынан біле аласыз:https://www.kaznu.kz/ru/19316/page/Немесе осы сайттарда: https://www.kaznu.kz/ru/education_programs/bachelor; https://www.kaznu.kz/ru/education_programs/magistracy.
Докторантура деңгейіндегі «Психология» бағдарламасы University of Florida, University of Guelph, University of Cincinnaty, The University of North Carolina, The University of Edinburgh, Berkeley University, University of Amsterdam секілді университеттердің психология саласындағы PhD мамандарды дайындау талаптарына сәйкес дайындалған. Бұл PhD бағдарлама аясында эксперттік-психологиялық бағалау, психология саласындағы ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейде сыни талдау сияқты маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында зерттеу қызығушылықтарына сәйкес дайындық жүргізіледі.
Осы бағдарламалардың барлығын жүзеге асыру үшін Философия және саясаттану факультетінде "CogNeuro" ғылыми-зерттеу орталығы, психологиялық технологиялар және инновациялар орталығы, психофизиологиялық зерттеулер зертханасы (Полиграф негізінде), психологиялық кеңес беру кабинеті бар. Сонымен қатар, осы бағдарламаларды іске асырудың маңызды ресурсы елімізде және әлемде психологиялық қоғамдастыққа қажет кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының жоғары рейтингілі әлеуеті болып табылады.
