Мазмұнға өту
ZabiraMadalieva2020

ZabiraMadalieva2020

Сайтта 2020 ж. 27 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

13

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

0

Оқушылардың креативтілігін арт-терапия құралдары арқылы дамыту туралы

Әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер жан-жақты, креативті, күнделікті өмірлік өзгерістерге тез бейімделе алатын, алдында тұрған мәселелерді шеше білетін, бәсекеге қабілетті, дамыған тұлға қалыптастыруды талап етуде.Сондай-ақ, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заманауи кезеңі динамикалығымен және гуманистік құндылықтарға бағытталуымен, тұлға бойында іс-әрекеттік, еңбексүйгіштік, креативтілік қабілеттерінің қалыптастыруымен ерекшеленеді. Соған орай, өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі өзектіленеді. Білім берудің заманауи жүйесінің алдында оқушының болашақта өмірлік стратегияларын анықтауда негізге алатын жеке шығармашылық потенциалдарын ашу мәселесі тұр. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мектепте білім беру деңгейлерінің барлығынд…

0
0
186

«Психология» мамандығының еңбек нарығындағы мүмкіншіліктері

Қасен Г.А., Мадалиева З.Б.,КазНУ им. аль-ФарабиМамандық таңдау - өмірдегі ең маңызды қадам. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың салдары, тек адамның өзіне ғана емес, қоғамға кері әсерін тигізеді.Бүгінгі таңда «Психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына - болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етсе керек. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда: білім беру, медицина және денсаулық сақтау, құқық қорғау, бизнес, саясат, басқару, жарнамалау, т.б. салаларда.Психологияның зерттеу пәні - адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екенін…

0
0
432