Мазмұнға өту

Жаңа

"Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Тұңғыш Президент-Елбасының рөлі" онлайн конференция

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан тәуелсіздігін насихаттау бойынша іс-шара жоспарына сәйкес 27 қараша күні 7-8-сыныптар үшін "Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Тұңғыш Президент-Елбасының рөлі" тақырыбында онлайн конференция болып өтті.

Конференция барысында ядролық карудың зардаптары туралы, Қазақстан жеріндегі Семей полигоны және Н. Ә. Назарбаевтың алғаш болып ядролық каруды сынаудан бас тартқаны туралы оқушыларға видео материалдар көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, конференциядан алған әсерлерімен бөлісті

0
0
252

«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы

Бүгін «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалында «Сырым» БПҰ-ның мүшелері Саяси Кеңес мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын талқылап, жолдау бойынша өз пікірлерін білдірді.

0
0
138

«Nur Otan» ауыл тұрғындарының мәселесін назарға алды

Nur Otan партиясы Көкшетау қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Пётр Губчукпен бірге Красный Яр ауылындағы екі қабатты он үйдің тұрғындарымен кездесті. Дәл қазіргі уақытта Уәлиханов көшесіндегі он үйдің тұрғыны жылусыз отыр.Тұрғындар биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша баспаналарын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосады деп отын, көмір алмаған, мердігерлер оларды жылу жүйесіне қоспағандықтан қазір суық пәтерлерде жан сақтауға мәжбүр.Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің өкілі Айдын Жеңістің айтуынша, аталған жобамен көкшетаулык Ремвит жобалық ұйымы айналысқан, алайда аталған он үйді жобалық сметалық құжатқа енгізбеген.https://aikyn.kz/92282/92282/?fbclid=IwAR2…

0
0
214

Партиялық бақылау комиссиясының рейді өтті

Қызылорда қаласындағы «Жайна» сауда үйінде көрсетілетін қызметтердің, жұмыс сапасын нәтижелерін және санитарлық талаптарын сақталуын бақылау мақсатында, қалалық партиялық бақылау комиссиясының рейді болды. Қазіргі таңда қаладағы барлық сауда орындарда сақтық шаралары мен қызмет көрсетуі барынша көңіл бөлініп, жер-жерде тиісті талаптардың орындалуы қадағалануда. Тексеріс барысында кейбір саудагерлерге ескерту жасалынды. Мұндай мобильдік топпен бірлескен тексеру жұмыстары қаламыздағы адамдар көп шоғырланатын нысандар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы

Бүгін 4 желтоқсан күні  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында төрағаның бірінші орынбасары М.Махауованың қатысуымен «Мектеп» БПҰ-ның мүшелерімен «Қазақстан-2050» стратегиясы бойынша кездесу өткізілді. Кездесу барысында бастауыш партия ұйымының мүшелері өз ойларымен бөлісті.

0
0
155

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған сурет байқауы

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай Құрманғазы аудандық Абай атындағы жалпы орта мектеп оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.

Сурет байқауына қатысып, жүлделі орын алған оқушыларды құттықмаймыз.

1-орын — Жеткеншек Аяулым.

2-орын — Карабалина Наргиза, Каримова Гульхат

3-орын — Батыралиев Бакытжан, Уахитова Назерке, Арманқызы Тұрсынай.

0
0
194

"Бақытты Отбасы"

Бүгін «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы жобасы аясында жиын өтіп, оған «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының орынбасары З.Есбергенова, қала әкімінің орынбасары А.Нұрдаулетов, мемлекеттік мекеме басшылары мен орынбасарлары қатысты. Отырыста сөз алған Звира Есбергенова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында заңсыз әрекеттерге ұшыраған отбасылар мен балаларды анықтау мақсатында құрылған жедел әрекет ету тобы жұмысының жүзеге асырылу бағыттарын түсіндіріп, туындаған ұсыныс-пікірлерге жауап берді. Сонымен қатар, күн тәртібінде ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде «Рахат» ауылынан табылған тастанды баланың мәселесі қаралып, тиісті мекемелер тыңдалды. Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының орынбасары З.Есбергенова мен қалалық партия филиалының орынбасары Ай…

1
0
205

"Партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді"

Бүгін “Nur Otan” партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Муханов партиялық бақылау комиссиясының төрағасы М.Мамутовпен оның мүшесі Ж.Мұханбетқалиқызымен бірлікте “Ауыл -ел бесігі” бағдарламасы аясында Рахат ауылында салынып жатырған 300 орындық мәдениет үйінің ағымдағы жұмыстарына бақылау жүргізді. Аталған нысанның бас мердігері - “Нұрболат” ЖШС мекемесі. Құрылыс мерзімі 2018- 2021 жылдар.Қазіргі таңда нысанның бірінші қабатының тасқалау, қабатаралық жабындыларын салу жұмыстары аяқталып, екінші қабат тасқалау жұмыстары жүргізілуде. Нысан басында 60-тан астам жұмысшы жұмыс жасауда. Оның 30-дан астамы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы келген жұмысшылар.Рейдтік шара барысында құрылыс басында жүрген жұмысшылардың құрылысқа киюге арна…

1
0
109