"Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Тұңғыш Президент-Елбасының рөлі" онлайн конференция
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан тәуелсіздігін насихаттау бойынша іс-шара жоспарына сәйкес 27 қараша күні 7-8-сыныптар үшін "Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Тұңғыш Президент-Елбасының рөлі" тақырыбында онлайн конференция болып өтті.

Конференция барысында ядролық карудың зардаптары туралы, Қазақстан жеріндегі Семей полигоны және Н. Ә. Назарбаевтың алғаш болып ядролық каруды сынаудан бас тартқаны туралы оқушыларға видео материалдар көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, конференциядан алған әсерлерімен бөлісті

