Мазмұнға өту

Жаңа

"Nur Otan" партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы

«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалынының мәжіліс залында партияішілік іріктеу – сайлау ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.​ Отырысқа Маңғыстау облыстық филиал төрағасының орынбасары З.Есбергенова, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев, қалалық ұйымдастыру комитеті мен есеп комиссиясының және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты. Отырыстың күн тәртібі бойынша облыстық филиал төрағасының орынбасары З. Есбергенова «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізудің ережесі мен міндеттері, қағидаттары мен тәсілдері туралы, Сайлау өткізу барысында үгіт-насихат жүргізудің практикалық нұсқаулығы және Сайлау өткізу барысында үгіт-насихат жүргізудің Жадынамасы туралы мәселелерді жан-жақты түсіндіріп өтті. Жиын соңында ұйымдастыру комитет…

2
1
688

"Нұрлы жер" бағдарламасы

Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыруды көздеген бағдарлама бүгінде бірқатар нәтижелер көрсетіп келеді. Дегенмен, бірқатар күрделі мәселелер де жоқ емес.

Осы орайда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен партия фракциясы жанындағы комиссияның онлайн-отырысы өтті. Жиында мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асу туралы айтылып, алдағы уақытқа жоспарлары талқыланды.

0
0
171

"Nur Otan" партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Ғ.П.Мәуленқұлов онлайн-қабылауын өткізді

Онлайн қабылдауда тұрғындардың талап - тілектері мен өтініштерін тыңдап, аталған өтініш ұсыныстарды бақылауға алатынын мәлімдеді. Сонымен қатар әлеуметтік желі арқылы келіп түскен өтініштер мен ұсыныс сұрақтарға рет ретімен жауап беріп отырды.

0
0
136

Әлеуметтік мәселелер талқыланды

Бүгін «Nur Otan» партиясының кадрлық резерв мүшелері әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланған жиында аудандық партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев іс-қимыл кезеңінің төртінші бағытына тоқталды:– Ел Президенті маңызды құжатта азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты алдымен баспана мәселесіне байланысты екенін айтып, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруды тапсырды. Оған қоса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 700 мыңға жуық салымшыға өз қаржысының бір бөлігін белгілі мақсаттарға алуға мүмкіндік берілді. Бұл реформа келер жылы жүзеге асады. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй инфрақұрылымын жасауды жеделдетуді тапсырды – деді Қуат Сұлтанұлы. Шара б…

0
0
142

«Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы

Бағдарламасының іске асыру барысы туралы» zoom платформасы арқылы кездесуі өтті. Кездесуде партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын азайту, партиялық және қоғамдық бақылауды күшейту, жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттілігін кеңейту,сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қоғамның белсене қатысуынсыз, жемқорлыққа қарсы жаппай қозғалыссыз нәтижелі түрде жүзеге аса алмайтындығын түсіндіру.Себебі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимыл жауапкершілігі мемлекетке ғана емес, қоғам мен әрбір…

0
0
139

"Кедергісіз келешек"

Бүгін "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында бүгін, партияның белсенді мүшесі, Жаңаөзен қаласының қоғамдық кеңес мүшесі Жұлдыз Мұханбетқалиқызы мүмкіндігі шектеулі А.Джолдыбайға сабаққа қажетті құралдар мен спорттық киім, азық-түлік және анасы әлеуметтік желі парақшасы арқылы көмек сұраған А.Бақтыбайға жеке гигеналық тұтынуға арналған өнімдерді табыстады.

Пандемия уақытында күнкөріс көзінен айрылып, материалдық және моральдық тұрғыда зардап шеккен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсеткен партия белсендісіне алғысымызды білдіреміз.

2
2
538

Аудандық аурухананың дәрігері Сырлан Кенжеев азаматтарға коронавирус бойынша жиналыс өткізді.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы ғимаратында аудандық аурухананың дәрігері Сырлан Кенжеев азаматтарға

коронавирус пен өкпе қабынуының алдын алу және емдеу бағытындағы жұмыстар бойынша жиналыс өткізді.

Ондағы мақсат – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықпен тікелей байланыс орнату тапсырмасын жүзеге асыра отырып, жұртшылыққа бүгінгі ахуалды баяндау болатын.

Жиында Сырлан Кенжеев мәлімдеме жасап, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Жиналысты "Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат жүргізіп отырды.

Аудан тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде және жұмыссыздыққа, денсаулықтарына байланысты көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды.

0
0
273