Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Бақытты Отбасы"

Бүгін «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы жобасы аясында жиын өтіп, оған «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының орынбасары З.Есбергенова, қала әкімінің орынбасары А.Нұрдаулетов, мемлекеттік мекеме басшылары мен орынбасарлары қатысты.

Отырыста сөз алған Звира Есбергенова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында заңсыз әрекеттерге ұшыраған отбасылар мен балаларды анықтау мақсатында құрылған жедел әрекет ету тобы жұмысының жүзеге асырылу бағыттарын түсіндіріп, туындаған ұсыныс-пікірлерге жауап берді. Сонымен қатар, күн тәртібінде ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде «Рахат» ауылынан табылған тастанды баланың мәселесі қаралып, тиісті мекемелер тыңдалды.

Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының орынбасары З.Есбергенова мен қалалық партия филиалының орынбасары Айсұлу Исаева қалалық перзентханаға барып, нәрестенің қазіргі жай-күйімен танысты.

1
0
177

Осы тақырып бойынша

"Бақытты Отбасы" - Yvision.kz