Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді"

Бүгін “Nur Otan” партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Муханов партиялық бақылау комиссиясының төрағасы М.Мамутовпен оның мүшесі Ж.Мұханбетқалиқызымен бірлікте “Ауыл -ел бесігі” бағдарламасы аясында Рахат ауылында салынып жатырған 300 орындық мәдениет үйінің ағымдағы жұмыстарына бақылау жүргізді. Аталған нысанның бас мердігері - “Нұрболат” ЖШС мекемесі. Құрылыс мерзімі 2018- 2021 жылдар.

Қазіргі таңда нысанның бірінші қабатының тасқалау, қабатаралық жабындыларын салу жұмыстары аяқталып, екінші қабат тасқалау жұмыстары жүргізілуде. Нысан басында 60-тан астам жұмысшы жұмыс жасауда. Оның 30-дан астамы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы келген жұмысшылар.

Рейдтік шара барысында құрылыс басында жүрген жұмысшылардың құрылысқа киюге арналған каскаларының жоқтығы анықталып, құрылыс алаңындағы қауіпсіздік ережелері мен карантиндік шараларды сақтауды қамтамасыз ету жөнінде ескерту берілді.

Осы тақырып бойынша

"Партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді" - Yvision.kz