Партия мүшелерінің әдеп кодексін сақтау туралы мәселе қаралды
«Павлодар мұнай-химия зауыты» және «№14 сайлау округі» бастауыш партия ұйымдарындағы жиналыста партия мүшелерінің әдеп кодексін сақтау туралы мәселе қаралды. Кодекс 5 негізгі бағыт бойынша 19 мінез-құлық ережелерін қамтиды: партия Лидері - Н.Ә.Назарбаевтың бағытын ұстану, ұлттық заңнаманы сақтау және құрметтеу, мемлекеттілік пен қазақстандық патриотизмді дамыту, партиялық құрылыс және партиялық тәртіп, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық мінез-құлық стандарттары. «Nur Otan» партиясы мүшесінің этикалық кодексі партия мүшелерінің мінез-құлық стандарттарын бекітуге арналған. Сондықтан партия мүшесі болу - бұл күнделікті жұмыс қана емес, сонымен бірге сөзіміз бен ісіміз үшін үлкен жауапкершілік. Әрбір партия мүшесі мұны нақты түсінуі қажет. ____________________________ На собрании в…
