Бүгін шағын орта бизнесті бастауда туындайтын мәселелер жайында дөңгелек үстел өтті.
ZOOM платформасы арқылы өткен жиында жеке бизнесті бастау және оны дамытуда қиындық тудыратын мәселелер сараланды. Әсіресе қоғамда әйелдер тарапын қорықпай өз ісін бастауға ынталандыру қажеттігі айтылды.
Айта кету керек, қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет те бар күшін жұмсауда.
