Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Тәуелсіздік елім, мақтанышым менің” тақырыбында онлайн жиын

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні, сағат 11:00-де, А.Байжанов орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мойтыкова Асем Молдабековна мен жастар орталығының маманы Жаркынай Садуованың қатысуымен 11-сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік елім, мақтанышым менің” тақырыбында онлайн жиын өтті. Жиын барысында барлық жастарға адам бойындағы құндылықтар мен тәлім-тәрбие туралы айтылып, сондай-ақ Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» деп аталатын жыр-шумақтардағы «бес дұшпан» мен «бес асыл іс» жайлы кеңінен айтылып, оның біздің күнделікті өмірімізде қаншалықты әсері бар екенін кеңінен баяндады.

Қазіргі жастардың бойына рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған бұл іс-шарамыз алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

0
0
184

Осы тақырып бойынша

“Тәуелсіздік елім, мақтанышым менің” тақырыбында онлайн жиын - Yvision.kz