Бес жыл бұрын халықтың қолдауымен Бәйдібек аудандық депутаты атандым. Бес жылдық сайлауалды бағдарламамды ұсынып, нәтижесінде ауданының экономикасына еселі үлесімді қостым. Сонда халық пен билік арасында алтын көпірді орнату басты мақсаттарымның бірі болды. Бұл бағытта қыруар жұмыстар атқарылды. Ауданның әрбір мәселелерін жиындарда көтеріп, шешілуіне атсалыстым. "Nur Otan" партиясының праймеризіне қатысып, алдағы уақытта ауданымыздың инфрақұрылым мәселелерін облыс деңгейінде шешуге бел будым. Праймериз нағыз саяси серкелерді іріктеуден өткізетін шынайы сайыс болғанын айта аламын. Праймериз мені саясат сахнасында одан әрі шыңдалуыма зор үлес қосты. Үміткер ретінде тіркелген күннен бастап дайындығыма қызу кірістім. Үгіт насихат жұмысын жүйелі түрде жүргіздім. Бұл партиялас тұрғындарымның маған деген үлкен үміті мен артқан жауапкершілігі деп білемін. Аудандық және облыстық жария пікір-сайыстарда алғашқы орынды иелендім.
Бұл халықтың маған берген оң бағасы деп айта аламын. Ел басына күн туған да жанынан табылдым. Індеттің алдын алып, тұрғындардың амандығы үшін көмектер жеткізіп беріп отырдым. Бұл елімнің игілігі үшін жасалған игі істерімнің бірі ғана.
Бұл үшін де еңбегімді бағалап, қолдаған партияластарыма айтар алғысым шексіз!
Бәйдібек ауданы праймериз жеңімпазы
Қапалбаев Ғабиден