Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партия съезі – атқарылған істі қорытындылайды

Иә, «Nur Otan» партиясы соңғы бес жыл ішіндегі сайлау алдындағы «Қазақстан – 2021: Бірлік, Тұрақтылық. Жасампаздық» атты бағдарламасының орындалуы, берген уәделерінің басым бөлігінің үдесінен шықты деуге болады.

Әлем елдеріне қарағанда пандемияның алдыңғы толқынына төтеп бере алдық. Елбасы негізін қалаған Ұлттық қор көп әжетімізге жарады. Осы қор қаражатының арқасында күрделі жағдайда елді экономикалық тығырықтан алып шықтық.

«Nur Otan» елдің көшін бастайтын озық ойлы, көзі қарақты азаматтар мен азаматшалар, жастар болуы тиіс. Оған да талдау жасалды.

Партияның күні кеше өткізілген партияішілік праймеризінде тағы да таңдау, іріктеу жүргізілді.

Жалпы істің нәтижесі, міне «Nur Otan» партиясының ХХ сьезінде шешімін тапты. Ендігі ретте қоғамның алға басуына, елдің дамуына көшбасшы – партияның ықпалымен тағы да нық қадам басатын боламыз.

Абзал ӘДІЛБЕКОВ,

Аудандық «Algabas»

газетінің директор – редакторы.

0
0
115

Осы тақырып бойынша

Партия съезі – атқарылған істі қорытындылайды - Yvision.kz