Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңа буын дизайны

Jetour Dashing-ті қарастырайық.Jetour Dashing – талғампаз дизайнды, озық технологияны және таңғажайып өнімділікті біріктіретін заманауи автомобиль жасаудың әсерлі бөлігі. Бұл кроссовер жігерлі сыртқы түрімен және ыңғайлы және қауіпсіз жүруге арналған инновациялық шешімдерімен назар аударады. Оның техникалық ерекшеліктерін толығырақ қарастырайық.Дизайн және сыртқы келбетіJetour Dashing заманауи және динамикалық дизайнымен таң қалдырады. Керемет сызықтар, мәнерлі фаралар және стильді бөлшектер эстетикалық жағымды әсер қалдырады. Сапалы материалдар мен егжей-тегжейлі сыртқы көрініс бөлшектерге назар аударады, бұл автомобильге ерекше сипат береді.ИнтерьерJetour Dashing интерьері стиль мен практикалықты біріктіреді. Ыңғайлы орындықтар, жоғары сапалы әрлеу материалдары және заманауи технологиял…

0
0
574

Күнгейдегі мегаполисті цифрландыру жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр

Шымкент қаласында қазір байланыс операторларының 1200-ден аса базалық станциясы бар. Оның басым бөлігі Kcell мобильді операторына тиесілі.Заман талабына сай интернет жылдамдығын асыру мақсатында биыл 126 орынға 5G технологиясы негізінде базалық станция орнатылғанын, солардың бірі Ж.Шанин атындағы театр ғимаратының шатырына қойылғанын бұған дейін хабарлағанбыз.Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов театр шатырындағы базалық станциының осы өнер ордасы маңындағы 1 шақырым аумақты жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтитынын жеткізді. Оның айтуынша, 4G технологиясымен таралатын интернет жылдамдығы секундына 10 Мбит-тен жоғары болса, қазіргі озық технологиядағы станцияда 100-200 Мбит аралығында болады.«Бүгінде тұрғындар интернет жылдамдығы төмендегені жайында жиі шағым а…

0
0
194

Шымкенттік жас боксшы әлем чемпионы атанды

Армения астанасы – Ереванда бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті.Байрақты бәсекеде шымкенттік спортшы Нұрасыл Төлебек алтын медальға қол жеткізді. Ол 54 келі салмақта бақ сынап, тұғыры биік жеңіс жолында 4 қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Нұрасылдың финалда үндістандық Жатин Жатинмен жұдырықтасқанын айта кеткен жөн. Бұл жекпе-жектің қорытынды есебі қазақстандық спортшының пайдасына 4:1 болды.Әлем чемпионы атанған Нұрасыл Төлебек — Шымкент қаласы Бокс клубының шәкірті. Оны осы клубтың бапкері Думан Байтелиев жаттықтырады.Айта кетейік, 58 мемлекеттен 357 былғары қолғап шебері қатысқан дүбірлі додада Шымкент қаласынан 3 спортшы ел намысын қорғады.Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты кеше, яғни 4…

0
0
248

Шағын және орта кәсіпкерлікті ірі өндіріс орындарына айналдыру көзделіп отыр

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше бағыт бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр.Ресми ақпартқа сүйенсек, қалада 130 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысан бар. 2023 жылдың екінші тоқсандағы мәліметке сәйкес, ондағы өндірілген өнімнің көлемі 1,1 триллион теңге болып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,9 пайызға артқанын көрсетті.Кәсіпкерлікті ілгерілетіп, отандық өнімдердің үлесін арттыру үшін жыл басынан бері 3 592 жобаға 18,3 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген.Мемлекет тарапынан қабылданған ұлттық жобаның негізгі мақсаты – шағын және орта кәсіпкерлікті ірі өндіріс орындарына айналдыру. Ең алдымен кәсібін өркендетуге ниеттенген кәсіпкерге Ұлттық жобаның аясында 8 пайызбен 3 миллиард теңгеге дейін жеңілдетілген несие қарасты…

0
0
188

Үшінші мегаполисте ғаламтор соңғы үлгідегі технологиямен қамтылып жатыр

Шымкент қаласының аумағында 5G базалық станциясы іске қосылады.Бұл туралы шаһар әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығының ұйымдастыруымен өткен пресс-турда Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов айтты.Шымкентте интернет және мобильді байланыс желісінің сапасын арттыруда тиісті жұмыстар жалғасуда. Қала аумағындағы байланыс желісін жақсарту мақсатында соңғы технологияға негізделген базалық станцияларды орнатуға басымдық берілуде. Бүгінгде елді мекендерге «Кcell» АҚ-мен бірлесе 5G технологиясымен 126 базалық станция орнатылды. Қазір қала аумағында 5G базалық станциясының монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде аяқталып, базалық станция іске қосылады.Қазіргі таңда Ж.Шанин атындағы драма театрының шатырында орналасқан…

0
0
244

Туризмді мұнай мен газдан кейінгі табыс көзіне айналдыруға болады

Күнгейдегі мегаполисте туризмді дамытуға қатысты бірнеше инвестициялық жоба іске асырылмақ.Шымкентте ішкі туризмді дамыту және бұл бағытта инвестициялық жобаларға мемлекеттен қолдау көрсету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.2023-2024 жылдары инвестиция жағын айтатын болсақ, 8 миллиард теңге болатын 11 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Туристерге сапалы қызмет көрсететін «Diamond Hotel», «Kazakh Hotel», «Shymkent Park Hotel», «Zhamal Hotel Shymkent» сияқты қонақ үйлер іске қосылса, 203 жаңа жұмыс орны да ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ сакралды туризмді дамытуда келесі жылы Сайрам тұрғын алабын, Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін дамыту тұжырымдамасы әзірленуде.Туризмді дамытудағы басты талаптардың бірі – көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету. Биыл Қостанай, Павлодар, Атыра…

0
0
238

Шымкентте медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті

Шымкент қаласында қызылша дерті бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем қызметі, стационар мен емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.Қазіргі кезде қызылшамен сырқаттану дерегі көбейіп барады. Сондықтан қалалық Жұқпалы аурулар ауруханасының төсек қоры 120-дан 260-қа дейін көбейтілді. Қосымша қалалық Клиникалық балалар ауруханасында 30 төсектік оқшаулау бөлімшесі ашылды.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін қабылдау бөлімі 5 боксқа ұлғайтылып, қажеттілігіне қарай стационарда бекет көбейтіледі. Оған қоса, күнделікті 5 дәрігер кезекшілікпен емделушілерге көмек көрсетуде. Сондай-ақ қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Жұқпалы аурулар а…

0
0
218

Денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар оң нәтижесін беруде

Шымкентте денсаулық сақтау саласындағы ел саулығын көздейтін тың жобалар іске асырылды.Елімізде халықтың өмір сүру ұзақтығының деңгейі 74,4 жасқа жетті. Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік жағдайы, халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді. Шымкенттің денсаулық сақтау саласында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар оң нәтижесін беріп келеді.Бұл туралы қаланың ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.Қазіргі таңда шаһарда амбулаториялық деңгейде 53 медициналық ұйым қызмет атқарады. Оның 14-і мемлекеттік емхана және 39-ы жекеменшік медициналық ұйым.Соңғы үш жылда шаһарда жаңадан 17 жаңа емхана ашылып, медициналық қызмет көрсетудің сапасы жақсарды және тұрғындар үшін дәрігерлік көмек алудың қолжетімділігі артты. Биыл қаладағы 4 емхана баз…

0
0
190

Академия елге қызмет етемін деген жастарға мол мүмкіндік береді

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл шымкенттік жастармен кездесті.Ол Жастар ресурстық орталығында аталған академияға түсу талаптарын түсіндіру мақсатында «Қоғамдағы жастардың рөлі» тақырыбында жастармен әңгіме өрбітті.«Соңғы жылдары президентіміздің бастамасымен мемлекеттік қызмет саласында жүйелі реформалар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, президент жанындағы Жастар кадрлық резервінің жасақталуы — басқару жүйесіне жас, талантты, білімді әрі ізденімпаз жастардың келуіне жол ашты.Мемлекеттік қызмет саласына ашықтық пен жариялылық және меритократия қағидалары батыл енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, салаға факторлы-балдық шкала негізінде бағалау жүйесінің енгізілуі де мемлекеттік қызметшілердің нәтижелі еңбек етуге деген ынтасын арттырғанын да атап өткен ж…

0
0
195

Шымкенттік оқушылар «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында үйірмеге қатысып, спортпен шұғылдануда

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз мәслихатына қатысып, шаһардағы білім беру мекемелеріне «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» енгізу барысы туралы сөз қозғады.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбындағы екінші Ұлттық құрылтай отырысында: «Біз ұлттық бірегейлігімізді нығайтуымыз қажет. Жалпы, дүние жүзіндегі әр ұлт – бірегей. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Ұлтымыздың бірегейлігі бұл – оның табысты болуы деген сөз. Табысқа жету үшін жоспарымыз қол жетпес қиялға не болмаса жалаң сөзге емес, нақты іске негізделуі керек. Сонда ғана оның бәрі жұртқа түсінікті, анық болады. Яғни, «Қайтсек табысты елге айналамыз?» деген сұрақтың жауабы айқын болуға ти…

0
0
202