Мазмұнға өту

Жаңа

Коммуналдық қызмет қардан тазалау жұмыстарына жедел кірісті

Шымкентте бүгін түс қайтқаннан бері толассыз қар жауып жатыр. Ауа райына байланысты қала аумағында қардан тазалау шаралары күшейтілді. Мегаполисте 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Тазалық жұмыстарына жауапты мекемелер санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарына кірісіп, тәулік бойы жұмыс істейді.Абай ауданы аумағындағы ішкі орамдық көшелердегі аяқ жолдар және 165 аялдама қардан тазаланды. Сондай-ақ 107 көпқабатты тұрғын үй үйлаларын тазалауға 10 бригада 210 жұмысшы жұмылдырылған. Қар тазалау жұмыстарын мердігер мекемелер “Sana global” ЖШС, “Шымкентспецкомлекс” ЖШС, “Desupport” ЖШС және “Абай” коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаруда. Жолдарға тайғаққа қарсы инертті материалдар себілді. Ал Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты көшелерді тазалауға "Таза Өлке" ЖШС-і тарапын…

0
0
497

Шымкент театрлары көрермен ықыласына бөленіп келеді

Шымкент қаласында театрларда жаңа маусым шымылдығы ашылғалы жаңа премьераларды театр сүйер көрермен ыстық ықыласпен тамашалауда. Нақтырақ тоқталсақ, Шымкент қалалық опера және балет театры хор ұжымының «Күтем сені» композициялық драманың премьерасын қалың көрермен зор құрметпен қабылдады. 8-9-10 желтоқсан күндері Дж.Вердидің «Трубадур» 3 актілі опера премьерасы көрерменге жол тартты. Ал Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі, белгілі өнер иесі Жүсіп Ақшора тұңғыш рет трагедиялық Д.Исабековтың «Сүйекші» қойылымын жоғары деңгейде алып шықты. Биыл сатиралықтар Көкшетау қаласында «Сәлем» Халықаралық комедиялық театр фестиваліне М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» комедиясымен қатысып, «Үздік музыкалық безендіру» номинациясын иемденді. Шымкент қалалық орыс драма театры «Ревизор» қойылы…

0
0
555

Абай облысы Татарстан Республикасымен ынтымақтастықты дамытуды көздейді

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған делегация жұмыс сапарымен арнайы Татарстан Республикасына келді. Негізгі мақсат – екі өңір арасындағы байланыстарды нығайту, серіктестік қатынастарды кеңейту, ынтымақтастықты дамыту.Делегация құрамында Семей, Курчатов қалаларының әкімдері, облыстық мәслихат төрағасы, өңірдің ірі кәсіпкерлері мен бизнес өкілдері, басқарма басшылары және ЖОО ректорлары бар.Сапар бағдарламасының маңызды бөлігі Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесу болды. Екі жақты ресми кездесу барысында өнеркәсіпті дамыту, білім беру, туризм, мәдениет, спорт, энергетика, машина жасау және цифрландыру мәселелері талқыланды.«Бүгінгі кездесу – тамыры түркіден тарап, ежелден іргесі сөгілмей келе жатқан туысқан екі ел ынтымағының жарқын көрінісі. Мемлекет басшылар…

0
0
752

ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСІ ШҰҒЫЛ ШЕШІЛДІ

Қаламыздағы Қаратау ауданындағы Тұран-1 шағынауданында 11 көпқабатты тұрғын үйде орын алған мәселе жедел түрде шешімін тапты. Бұл туралы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков мәлімдеді.Еске салсақ, аталған шағынауданда көпқабатты тұрғын үйде 2023 жылдың 5 желтоқсаны күні жылумен қамтамасыз ететін ішкі орамдық жылу желілерінде ақау орын алуына байланысты тұрғындар ыстық су мен жылудан уақытша ажыратылған болатын. Орын алған ақауларды жоюда дер кезінде әрекетке көшіп, тиісті жұмыстарға Қаратау ауданының әкімдігі мен «Қуатжылуорталық-3» МКК тарапынан 4 бригада жұмылдырылды.– Аталған кемшіліктер тиісті мекеме есебінен қалпына келтірілді. Мамандарымыз шұғыл түрде 500 метрлік, диаметрі 133 мм, 108 мм және 76 мм жылу құбырын ауыстырды. Тұрғы…

0
0
435

Күнгейдегі мегаполисте ұлтаралық татулық беки түсуде

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев өзбек этномәдени бірлестігінің көшбасшыларымен кездесті. Кездесу «Достық үйі» ғимаратында өтті.Аталған басқармаға қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын барысында этносаралық тұрақтылыққа сызат түсіретін жағымсыз жайттардың алдын алу мәселесі қаралған. Бахтияр Өнербаев өзбек этномәдени бірлестігінің көшбасшыларына ішкі тұрақтылық пен жастар арасындағы этносаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, жастармен жұмысты жандандыруға қатысты бірқатар нақты міндеттерді жүктеді.Кездесуде Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов пен Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы…

0
0
404

Жауаптылар жедел әрекет ететінін көрсете білді

Шымкентте тұрғын үйдің мәселесі дер кезінде шешілді.Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Тұран-1 ықшамуданында 11 көпқабатты тұрғын үйде қылаң берген мәселе шұғыл түрде шешімін тапты. Бұл туралы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков мәлімдеді.Еске салсақ, аталған ықшамауданда көпқабатты тұрғын үйде 2023 жылдың 5 желтоқсаны күні жылумен қамтамасыз ететін ішкі орамдық жылу желілерінде ақау болуына байланысты тұрғындар ыстық су мен жылудан уақытша ажыратылған еді. Сондағы ақауларды жою үшін жауапты орындар дер кезінде әрекетке көшіп, тиісті жұмыстарға Қаратау ауданының әкімдігі мен «Қуатжылуорталық-3» МКК тарапынан 4 бригада жұмылдырылды.«Аталған кемшіліктер тиісті мекеме есебінен қалпына келтірілді. Мамандарымыз шұғыл түрде 500 метрлік…

0
0
373

Зорлық-зомбылыққа жол бермеу жайы студенттерге түсіндірілді

Күнгейдегі мегаполисте мамандар республикалық акция аясында студенттермен кездесті.Шымкент қаласында «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн белсенділік» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Осы акция шеңберінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Шымкент қаласы бойынша «Әйелдер күштерінің альянсы» заңды тұлғалардың бірлестігі мен қалалық Қазақстан Халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада мамандар білім алушы жастарға зорлық-зомбылыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қыз бала тәрбиесі, олардың құқығы жайында түсіндіріп берді.«Университетіміз «Әйелдер күштерінің альянсы» бірлестігімен меморандумға отырған болатын. Осында білім алатын студенттің 90 пайызы қыздар. Қыз – болашақ ана, отбасының ұйытқысы. Сондықтан бі…

0
0
317

В Назарбаев Интеллектуальной школе города Кызылорды успешно прошел конкурс IT-проектов

В Назарбаев Интеллектуальной школе города Кызылорды успешно прошел конкурс IT-проектов "NIS HACKATON 2023". Организованный совместно с бизнес-инкубатором Kyzylorda Hub, внутришкольный конкурс предложил учащимся задачу разработки сайтов и мобильных приложений. В рамках средней категории участники создавали автоматическую систему для творческих кружков, в то время как старшеклассники представляли лучшие IT-разработки для подготовки к олимпиадам и конкурсам научных проектов.Результаты конкурса в средней категории выглядят следующим образом: 3-е место заняла команда "Born to win", 2-е место - ребята из "Rind", а победителем стала команда "Ititans". Все участники были награждены денежными призами в размере 10 000, 20 000 и 30 000 тенге соответственно.В старшей категории лидерство заняла команд…

0
0
443

Шымкентте үйлерді көгілдір отынға қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласының Нұршуақ елді мекенінде 3 жарым мыңнан астам абонент көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.Нұршуақ елді мекенінде табиғи газға қосу жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды. Нәтижесінде 110,597 шақырым болатын газ құбыры жүргізіліп, 3 500-ден астам абонент көгілдір отынға қосылды.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Жыл соңына дейін қала аумағында Тұран ықшамауданы (2-3 кезек), Бозарық, Асар-2, Сауле, Ақтас-1/2, Арғымақ және Нұршуақ ықшамаудандарында табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталып, көгілдір отынмен қамтылады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамту көрсеткіші 94 пайыздан 96 пайызға жетеді.Сонымен қатар, Қайнарбұлақ елді мекенінде І, ІІ кезең құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын келесі жылы толық аяқтап, 14 403 абонентті табиғи га…

0
0
401

Бақытың өз қолыңда

Күнгейдегі мегаполисте жастарға қатысты өзекті мәселелерді қозғайтын «Бақыт кілті» фильмі көрерменге жол тартты.Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының тапсырысымен толықметражды «Бақыт кілті» фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті.Кинотуындының режисері – Бақытжан Көшеров, сценарий авторы – Оңғар Әлиайдар, операторы – Димаш Тұрдыматов.Фильмнің премьерасына арнайы келген Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев бұл кинокартинаның қоғам үшін өзектілігіне тоқталды. Фильмде драматургиялық шиеленіс арқылы синтетикалық есірткінің адам өміріне әсері, құмар ойынның қасіреті және тұрмыстық зорлық-зомбылық сынды өзекті мәселелер көтеріліп, жастардың қоғамдық орында өздерін әдепті ұстауына, мамандықты дұрыс…

0
0
505