Ұлтаралық келісім — тұрақтылықтың негізі
Бүгін Достық Үйі этномәдени орталықтарының (Қазақстан халқы Ассамблеясы) белсенділері «Ұлтаралық келісім — тұрақтылықтың негізі» онлайн-марафонын өткізуде.
Марафон барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының презентациясы жасалды.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, 2025 жылға дейін жоспарланған бағдарламада елдің әлеуметтік ілгерілеуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты әрі тиімді шаралар ұсынылады.
Партияның сайлауалды бағдарламасы 4 тараудан тұрады. Олар: баршаға тең мүмкіндік беру, зияткер, дені сау және ұқыпты ұлт қалыптастыру, тұрақты экономика, есеп беретін мемлекет пен жауапты азаматтар.
Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
