Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ZOOM-конференциясын өткізді. Сайлаушылармен онлайн-кездесуге В.Аваргин, А.Шавдирова, С.Садвакасов, М.Мухамеджанова қатысты.
Кандидаттар конференция қатысушыларын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.
Филиал бағдарламасына енген «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында: қоғамдық көмекшілердің санын 1,5 мың адамға дейін ұлғайту, Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) қызметкерлерін алып жүретін бейнетіркегіштермен, қызметтік автомашиналармен 100% қамтамасыз ету, 2025 жылға қарай полицияның учаскелік пункттеріне online режимінде сурет шығаратын бейнекамераларды орнату, 25 учаскелік полиция бекетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, Тұрғын аудандарды (тротуарларды, аула аумақтарын) жарықтандыруды қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәселелері бойынша әлеуметтік жарнама, арнайы теле бағдарламалар өткізу және есірткіні, психотроптық заттарды тарату және пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтер ұйымдастыру жоспарланған.
«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.