13-желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар - Досмухамбетов Алихан мен Ермекқалиев Алтынбек және Жаңақала ауданының белсенді жастары Көпжасар ауылының тұрғындарымен "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция мақсаты - сайлаушыларды тікелей байланысқа тарту және үгіт материалдары арқылы үгіт-насихат жүргізу. Үміткерлер сайлаушыларды сайлау өтетін күні сайлау учаскелерінің орналасқан жерімен ақпараттандырды, сондай-ақ сайлаушыларды толғандыратын мәселелер туралы ақпарат жинақтады.