Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Немере мен жиен дауы тағы басталды

Ұлдан туғанды немере, қыздан туғанды жиен дейді. Болды емес пе? Солай деп сонау ата-бабадан солай келе жатыр. Жоқ, соған ешкім бас ұрғысы келмейді.

Коллаж: qazaly.kz-

Міндетті түрде бүйректен сирақ шығарып отыру керек. Әлде бұл хайп қуу ма?

Сөйтіп, жақында осы мәселе бойынша кезекті бір даудың шеті шықты. Журналист Дәурен Сейітжанұлы әлеуметтік желідегі парақшасына видео салып, онда былай депті:

«Жақында Жанар Айжановадан сұхбат алған болатынмын. Сонда Жанар апам қызы Айжұлдыздың баласын немерем деп, «өзім бағып-қағып жатырмын деп» айтып қалды. «Немере жаннан тәтті» деп. Соны тыңдаған көптеген адамдар «Қыздан туған бала немере болмайды. Жиен деп айтады» деп сөгіп жатыр. Негізі Жанар апаныкі дұрыс. Қазақ өз перзентінен, мейлі ұл, мейлі қыз болсын, туған нәрестені немере деп атаған. Бертінде ғана осы атау бұрмаланды. Білмей жүргендерге айтарым, «немере жиен» деген сөз жоқ. Бұлай деу – өте-мөте қате. Сенбесеңіздер, көне мұраларымызды қарап шығыңыздар, үлкен кісілерден сұраңыздар. Демек, қыздан туған бала сол қыздың әке-шешесі үшін немере болады, ал қалған туыстары үшін жиен болып есептеледі. Мысалы, менің қызымның баласы маған немере, ал өзге туыстарыма, әулетіме ол жиен. «Немере жиен» деп қосақтап айту моральдық-этикалық жағынан да дұрыс емес. Яғни бұл ұл мен қызыңды, олардың балаларын алалау болып есептеледі», – деді журналист.

Біздіңше, журналист бұны хайп үшін әдейі айтқан сияқты. Өйткені айтып отырған сөзінің түк негізі жоқ. Оған бір желі қолданушысының мына пікірімен-ақ мат қоюға болады:

«Қай қазақ атаң айтты? Қыздан туған жиен болады. Шатастырып жүрген кейінгі толқын өкілдері. Жиеннің өз жұрты, өз руы бар. Көкіректен теппейсің қыздың баласын. Қайта жиен деп құрметтеп, сұрағанын беріп, сый-құрмет көрсетесің. Қалай өзге рудың баласын немере дейсің? «Кісі баласы кісендесең де тұрмайды, өз балаң өзегінен тепсең де кетпейді» деген бар. Қанша кішкентайынан бақ-қақ асыра, түбі өз руының адамы болып кетеді. Тіпті арғы дүниеге аттағанда да тек өз руы ғана жазылады емес пе?»

Болды, бітті!

0
0
441

Осы тақырып бойынша