Үміткерлер Ақтөбеде шалғай ауыл тұрғындарымен кездесті
Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ербол Данағұлов және Тахталифум Есенғұлов, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Рахат Сыдықов, Ғалымжан Елеуов Шалқар ауданының тұрғындарымен кездесті. Облыстық сайлауалды штабтың басшысы Ербол Данағұлов партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, тұрғындардың ұсыныс-тілектері маңызды екенін жеткізді.— Биылғы жыл біз үшін үлкен сынақтар жылы болды. Коронавирус инфекциясы біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан Nur Otan партиясы экономиканың т…
