Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan партиясы жұртшылықпен жүздесуде

Облыстық штаб мүшесі Серікбай Төлетов және қалалық мәслихат депутатына үмтікерлер сайлауалды бағдарламамен таныстырып, қызметкерлердің әрқайсысының жеке мәселелерін тыңдады. Ақпараттық қағаздар таратты. Үнпарақтарда «Nur Otan» партиясының басты жетістіктері мен алдағы жетістікке жетелейтін жобалары, жүзеге асыруды көздейтін істері жазылған.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға ғана жұмыс жасауға рұқсат етілді. Тамақтану орындары тек жеткізу қызметін жүзеге асырды. Нәтижесінде бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, туристік сала, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты экономика секторлары ең көп зардап шекті, олар қала экономикасының 35%-ын құрайды. Төтенше жағдай кезінде қалада 2 345-тен астам ШОБ кәсіпорындары өз қызметін тоқтатты, онда 18 760 адам жұмыс істеді.

Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес маңызды қолдау алды. Кәсіпкерлер салықтық жеңілдіктер алды. «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалардың барлық құралдары бойынша 83 кәсіпкер жалпы соммасы 107,4 млрд теңгеге қолдау тапты. Бұдан бөлек субсидия, жеңілдетілген несие берілді, несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий жарияланды.

Партияның сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлерге қолдау таныту шарасы негізгі басымдық ретінде қарастырылған. Бұл үшін партия 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында жобаларды субсидиялауды ұлғайту, төмен пайыздық несиелеу, грант бөлу, бизнес негіздеріне оқыту, базар салу, ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізетін нүктелерді көбейту, құс еті өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыру, жылыжай салу, бордақылау алаңдарын ашу, жергілікті азық-түлік өнімдерін дүкен сөрелерінде орын алуына ықпал етеді

0
0
212

Осы тақырып бойынша

Nur Otan партиясы жұртшылықпен жүздесуде - Yvision.kz