Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтөбенің шалғай ауылдарына ауыз су құбыры тартылады

Шалғай ауыл тұрғындарымен кездескен Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Азамат Адаев пен Әкімжан Есенаманов партиясының Ақтөбе облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Мұғалжар ауданының Құмсай, Ащысай, Орқаш ауылдарына барған үміткерлер «Есіктен есікке» іс-шарасы бойынша үй-үйді аралады. Кездесуде экономикалық тұрақты, жайлы, әлеуметтік-бағытталған, жастарға арналған басымдықтар жайы жан-жақты айтылды. Үміткерлер Ащысай ауылының 91 жастағы Нұржан Уалиевпен кездесіп, батасын алды. Сондай-ақ Оршақ ауылының тұрғыны Надежда Құлмағанбетованы өз таңдауын жасауда белсенділік танытуға шақырды.

Әкімжан Есенаманов ауыл халқын газбен қамту жобасына тоқталды.

«Сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей 2022 жылы Елек, Қожасай, 2023 жылы Жұрын және Қаракөл, 2024 жылы Мұғалжар, 2025 жылы Жарық ауылдарына газ құбыры тартылады. Осы шаралар қала халқының 100 пайызын, ауыл халқының 80,8 пайызын газбен жабдықтауға мүмкіндік береді. Сумен жабдықтау мәселесі түбегейлі шешіледі. «Nur Otan» жоспары айқын, бағдарламасы нақты партия. Біз қолға алған істің сапалы орындалуына, халықтың әл-ауқатын арттырып, қиындықты бірге жеңуге, жеңіске бірге жетуге шақырамыз», - деді Әкімжан Есенаманов.

Ащысай мен Құмсай ауылына бірер күнде байланыс жүйесі орнатылды. Халық интернетке қосылып, ағайынмен хабар алмасудың жеңілдегенін айтты.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
240

Осы тақырып бойынша