Мазмұнға өту

Жаңа

Nur Otan партиясы жұртшылықпен жүздесуде

Облыстық штаб мүшесі Серікбай Төлетов және қалалық мәслихат депутатына үмтікерлер сайлауалды бағдарламамен таныстырып, қызметкерлердің әрқайсысының жеке мәселелерін тыңдады. Ақпараттық қағаздар таратты. Үнпарақтарда «Nur Otan» партиясының басты жетістіктері мен алдағы жетістікке жетелейтін жобалары, жүзеге асыруды көздейтін істері жазылған.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға ғана жұмыс жасауға рұқсат етілді. Тамақтану орындары тек жеткізу қызметін жүзеге асырды. Нәтижесінде бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, туристік сала, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты экономика секторлары ең көп зардап шекті, олар қала экономикасының 35%-ын құрайды. Төтенше жағдай кезінде қалада 2 345-тен астам ШОБ кәсіпорындары өз қызметін тоқтатты, онда 18 760 адам жұмыс істеді.

Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес маңызды қолдау алды. Кәсіпкерлер салықтық жеңілдіктер алды. «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалардың барлық құралдары бойынша 83 кәсіпкер жалпы соммасы 107,4 млрд теңгеге қолдау тапты. Бұдан бөлек субсидия, жеңілдетілген несие берілді, несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий жарияланды.

Партияның сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлерге қолдау таныту шарасы негізгі басымдық ретінде қарастырылған. Бұл үшін партия 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында жобаларды субсидиялауды ұлғайту, төмен пайыздық несиелеу, грант бөлу, бизнес негіздеріне оқыту, базар салу, ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізетін нүктелерді көбейту, құс еті өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыру, жылыжай салу, бордақылау алаңдарын ашу, жергілікті азық-түлік өнімдерін дүкен сөрелерінде орын алуына ықпал етеді.

0
0
193

"Nur Otan" партиясы Үржар аудандық штабы

Бүгін "Nur Otan" партиясы Үржар аудандық штабының мүшелері мен облыстық маслихат депутаттығына үміткер Елеусізов Ермек Оразғалиұлы және сенімді өкілдері Жоғарғы Егінсу ауылдық округінде үгіт-насихат жұмыстары бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп,партияның алға қойған мақсат міндеттері және бағдарламаларымен таныстырды..

20
0
222

Бейнеу политехникалық колледж ұжымымен кездесу өтті

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының бесінші күні, яғни 15 желтоқсанда Бейнеу ауданында Бейнеу политехникалық колледжі ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Рахметулла Исатаевтың сенімді өкілі Сарсен Усенов колледж қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Алдымен 2020 жыл әлем халқы үшін үлкен сынақ болғаны айтылып, көптеген мәселелерге жекелей қарауға әрі адамның өмірі мен денсаулығы – мемлекет үшін маңызды екенін тағы бір мәрте аңғарумызға септігі тигенін жеткізді. Карантин шараларына қарамай партия жұмыс жасауын тоқтатқан емес. Елбасы тапсырмасымен республика көлемінде «Birgemiz» акциясы жүргізіліп, нәтижесінде облыс бойынша әлеуметтік әлсіз топқа жататын 7 санаттағы 28304 адамға қаржылай көмек көрсетілді. Одан бөлек жеке кәсіпкерлер, ерікті тұрғындардың көмегімен 10 мыңдай отбасыға азық-түлік салынған себеттер үлестірілді. Ел басына қиын қыстау кезең туғанда халықпен бірге болған партия, алдағы уақытта да мемлекетіміздің дамуы жолында бірге болуды нақты мақсат етіп қойып отыр. Осы орайда жиынға қатысушылардан партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдауға шақырды.

Жиында сонымен қатар «Nur Otan» партиясының Бейнеу ауданын дамытудың 7 басым бағыты таныстырылды. Құжатта аудандағы жұмыссыздық мәселесі басты назарға алынып, аудан халқы жұмыспен қамтылуы үшін жаңа жұмыс орындарын құру, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау көзделуде. Сайлауалды бағдарламада бұдан бөлек ауданды дамытуға арналған басқа да салалар бойынша негізге алынған жұмыстар баяндалып, қатысушылардың пікірлері, сауалдары тыңдалды. Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша штаб мүшесі сұрақтарды тиісті мекемелерге жеткізіп, хат жіберіп, бақылауға алатындарын мәлім етті. Кездесу соңында еліміздің көшбасшы партиясы - "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
335

"Nur Otan" партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

Тәуелсіздік күні қарсаңында "Nur Otan" партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері Көлденең ауылдық округінің "Юбилейный" ЖШС-нің жұмысшыларымен үгіт-насихат жұмыстары бойынша кездесіп,партияның алға қойған мақсат міндеттері және бағдарламаларымен таныстырды..

19
0
251

"Nur Otan" партиясы Үржар аудандық штабы

Бүгін "Nur Otan" партиясы Үржар аудандық штабының мүшелері мен облыстық маслихат депутаттығына үміткер Елеусізов Ермек Оразғалиұлы және сенімді өкілдері Жаңа Тілек ауылдық округінде үгіт-насихат жұмыстары бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп,партияның алға қойған мақсат міндеттері және бағдарламаларымен таныстырды..

19
0
191

ҮМІТКЕР Мадина Доқдырбайқызы «Наз» сұлулық салоны ұжымымен кездесу өткізді.

ҮМІТКЕР Мадина Доқдырбайқызы «Наз» сұлулық салоны ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан депутаттығына үміткер Сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, биылғы Сайлауалды бағдарламалар халықтың талап-тілектерін толық қамтумен ерекшеленді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев: «Партия қоғамнан келіп түскен барлық ұсыныстарды ескерді. Осы орайда, біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады!» – деп атап өткен болатын.

«Nur Otan»  – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» –  жарқын жетістіктер партиясы!

Бізге дауыс бер!

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
185

Ел сенімін арқалаған азаматтармен кездесу

Қазір халықтың сенімін алу, олардың үмітін арқалау екінің біріне берілмейтін бақ.Ал оны мойынға жүктеген екенсің,абыроймен арқалау керек.Халықтың артар жүгі осы.

Елі сенген, үміт артқан ел ағалары жастармен кездесті.

#NUROTAN

#BIZBIRGEMIZ

0
0
295

#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар

Шағалалы Шардара ауданының тұрғындары еңбекқор, іскер және өте қонақжай екенін бұрыннан білетінмін. Бүгін оған тағы көз жеткізіп отырмын. Төрт қақпалы өңірге арнайы ат басын бұрғанымның себебі "Nur Otan" партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер ретінде тұрғындармен кездесіп, халықтың ахуалымен танысып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болатын.

Экспромт-кездесу шарасы аясында аудан орталығындағы "Жәния"  сауда үйінде тұрғындармен, тұтынушылармен және кәсіпкерлермен жолығып, сұқбаттастым. Жүздесу барысында партия бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өттім. Сонымен бірге партия атынан парақшалар таратып, оларды ертеңгі күні сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырдым.

0
0
125

#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар

"Nur Otan" партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде Шардара ауданындағы бірнеше көпбалалы аналардың үйлерін  аралап, жағдайларымен танысып, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап қайттым.

Шардаралық көп балалы отбасылармен кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім. Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясы өкілдеріне дауыс беруге шақырдым.

0
0
180

Құрметті Мақтаарал ауданы тұрғындары сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерді Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын деген тілек білдіреміз.

Көк байрағымыз көгімізде желбіреп, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

Ізгі ниетпен: "Nur Otan" партиясы Мақтаарал ауданық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асабаев Досым Тұрғанбайұлы

0
0
197