Тина Канделаки Нұрлан Сабуровқа неге өктем сөйледі?
Әлеуметтік желіде қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров пен ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің дауыстарына ұқсайтын екеуара әңгіменің аудиожазбасы тарады.

Онда Канделаки Сабуровқа өктем дауыспен бұйрық бере сөйлейді. Ол өзін Қазақстанмен арадағы жағдайларға байланысты әзілкештің қолдауы керектігін айтады.
"Әзілмен немесе басқа жанрмен айтасың ба, әйтеуір, сенің пікірің ғаламторға шығуы тиіс. Сосын есіңде болсын, мен және Ресей туралы жақсы сөз айтасың", - дейді ресейлік тележүргізуші.
Әңгіменің ақырында Сабуров одан бас тартады. Әрине, бұл аудиожазбаны сарапшылар фейк деп отыр. Бірақ Канделаки сияқты ресейліктердің біздің елден өнер көрсетуге барған Сабуров сияқтыларға осылай өктем сөйлей беретіні өтірік емес секілді.
