Мазмұнға өту

Жаңа

Экспромт кездесу Жаңаөзен қаласының сүт зауыты қызметкерлерімен жалғасты

Кездесу барысында "Nur Otan” партиясының алда жеті бағытпен жұмыс жасайтыны айтылды. Халық таңдауы бойынша партияға дауыс беру жөнінде үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, партияның ел бірлігі мен әл-ауқатын жақсарту үшін аянбай еңбек ететіні айтылды.

Жұмысшылар ойларында мазалап жүрген көшенің жарықтандыруы, тазалыққа қатысты мәселелерді талқылап, кандидаттар тарапынан тиісті жауаптар беріліп, өлкеміздің жағдайының жақсаруына өз ұсыныстарын айтып бөлісті.

Жиынға қатысушылар "Nur Otan” партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысына оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын жеткізіп, сәттілік тіледі.

0
0
179

Домбыра - қазақ халқының көнеден тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы

Тарихы тереңде жатқан ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақ елін азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!Тәуелсіздігімізбен бірге ұлттық санамыз оянып, салт-дәстүріміз, тіліміз бен діліміз қайта оралды.Соның ішінде ең асыл қазынамыз қазақтың ғасырлар бойындағы қайғы-қасіретін, мұң-мұқтажын, қуанышын жеткізген қара домбырасы жөнінде әңгіме қозғамақпын.Домбыра - қазақ халқының көнеден тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.Сол пернелер мен екі ішекке сыйғызған жыр, толғау, терме, күй, ән шанағынан шалқыған жанр түрлері.Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторлары Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім елді аузына қаратқан.Бүг…

0
0
509

Акция аясында тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

"Есіктен есікке" акциясы аясында қалалық мәслихатқа үміткер Б.Қорғанбаев Өркен шағын ауданының бірнеше үйіне, азық-түлік дүкендерге кіріп шықты.

Акция аясында тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізіледі.

0
0
270

"Есіктен есікке" акциясы

"Есіктен есікке" акциясы аясында қалалық мәслихатқа үміткер Қ.Мыңтұрғановтың сенімді өкілі Аманғали Сәрсенбай "Өркен" шағын ауданының бірнеше үйіне кіріп шықты.

Акция аясында тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізіледі.

0
0
118

Қала бойынша рейд жүргізілді

"Nur Otan" партиясы Қарқаралы аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі О.С.Кистаубаев қала басындағы азық-түлік және киім-кешек дүкендеріне барып, тауарлардың бағаларының асырылмауы бойынша рейд жүргізді.

Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

0
0
107

Кандидаттар зиялы қауым, діни мекемелердің, этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті

«NUR OTAN» партиясынан кандидаттар Санира Жусупова, Владислав Еленич және Гүлзира Атабаева зиялы қауым, діни мекемелердің, этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті. - Біздің сайлауалды бағдарламамыздың ерекшелігі – оның егжей-тегжейлілігінде, - деді Гүлзира Атабаева. - Әр өңірде, тіпті ауданда да өз проблемалары бар. Сондықтан 216 сайлауалды бағдарлама бар, онда белгілі бір елді мекеннің барлық өзекті мәселелері ескерілген. Біздің бағдарламада Павлодар қаласының даму басымдықтары айқындалған. Гүлзира Атабаева мәселелердің әлеуметтік блогына тоқталды. - Біз білім беру сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз. 2025 жылға дейін бес жаңа мектеп салынады, оқу орындарында орын тапшылығы мәселесі шешіледі, үш жастан бастап барлық балалар мектепке дейінгі біліммен қамтылады. Бұл бағыттағы жұм…

0
0
160

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Павлодарда теннистен турнир өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Павлодарда теннистен турнир өтті. Чемпион атағы үшін қала студенттері қатарынан командалар бақ сынады. Спортшылар ептілік пен жақсы спорттық дайындықтарын көрсетті. Ойын қызықты өтті, ал балалар өз қоржынын кезекті лайықты жеңіспен толықтырды. __________ Ко Дню Независимости Республики Казахстан в Павлодаре прошел турнир по теннису. За звание чемпионов сразились команды из числа студентов города. Спортсмены демонстрировали ловкость и хорошую спортивную подготовку. Игра выдалась зрелищная и увлекательная, а ребята пополнили свою копилку очередной заслуженной победой.

0
0
120

Бес жыл ішінде партияластар жұмыссыздық деңгейін 4,6 пайызға дейін төмендетуге уәде берді

Бес жыл ішінде партияластар жұмыссыздық деңгейін 4,6 пайызға дейін төмендетуге уәде берді. Ол үшін шаралардың тұтас кешені әзірленді. 19 желтоқсан күні Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар халықпен кезекті. Бұл жолы – «Кэмми» ЖШС қызметкерлерімен. Кездесуге қатысушылардың әрқайсысында сұрақ қою мүмкіндігі болды. Олар негізінен қаланың болашағы туралы және өз ісін қалай ашуға болатындығы туралы айтты. Қанат Сатабаев бірінші болып сөз алды. Ол партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті. Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына тағы бір кандидат Серік Байсейітов әлеуетті сайлаушыларға жаңа жұмыс орындарын құру мен шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді. Себебі Серік Басарұлы өңірлік Кәсіпкерлер палатасында жұмыс істейді, онда…

0
0
143