"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір"
ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫНА
ЖАҒДАЙ ЖАСАЙМЫЗ
📷Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоямыз
📷 Әйелдер мен балаларды отбасындағы қатыгез қарым-қатынастан заңнамалық негізде қорғаймыз
📷 Еліміз бойынша отбасын қолдау орталықтары желісін құрамыз
📷 Қиын жағдайға душар болған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жалғастырамыз
📷 Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін «111» жедел желісінің жүйелі жұмысын қамтамасыз етеміз
📷Әйелдерді қолдап, олардың жан-жақты жетілуіне жол бермейтін кедергілерді жоямыз
📷 Атқарушы, өкілетті, сот органдары мен квазимемлекеттік сектордың басшылық қызметтеріндегі әйелдердің үлесін 30%-ға жеткіземіз
📷 Өкілетті органдарға ұсынатын әйелдер үлесін 30%-ға жеткіземіз
📷 Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар құрып, бизнесті қолдау бағдарламалары аясында оларды жеңілдетілген несиелермен және гранттармен қамтамасыз етеміз
📷Ана мен баланы қорғаймыз
📷 Өмірлік қиын жағдайды бастан кешіп жатқан отбасыларға атаулы көмек көрсету шараларын күшейтеміз
📷 Жыл сайын ЭКҰ (экстракорпоральды ұрықтандыру) жүргізу үшін 7 мың квота бөлеміз
📷Алимент төлеуге мәжбүрлейміз.

