Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен биыл тұңғыш рет «Үлгілі ауыл» байқауы...

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен биыл тұңғыш рет «Үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылғаны баршамызға белгілі. Өңірдегі 373 ауылдың ішінде үлгілі атанған Кенен ауылында сенбі күні «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы мүшесі Сманалы Тұрғынбай бастаған үгіт-насихат тобы ауыл тұрғындарымен кездесті. Жалпы Кенен ауылы үшін биылғы жыл жетістікке толы жыл болды. Аудан тарихындағы ең өзекті, көп жылдар шешімін таппай келе жатқан газдандыру мәселесі шешімін тауып, 22 елді мекенді газбен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 248 шақырымды құрайтын үлкен жобаға 11 млрд.-қа жуық қаражат бөлінсе, Отар аймағындағы 12 елді мекенді, оның ішінде Кенен ауылын газдандыру жұмыстары жыл соңында аяқталатын болады. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2,7 млрд. теңгеге 6 елді мекенде ауыз су құбырларының құрылыстары аяқталса, соның ішінде Кенен ауылына 132,5 млн. қаржы бөлініп, ауыл тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізіп отыр. Ауылдың мақтанышы – аудандық К.Әзірбаев атындағы әдеби–мемориалдық музейі демеушілердің көмегімен 22,0 млн. теңгеге ағымдағы жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта 8500,0 мың теңгеге реэкспозиция жұмыстары жүргізілуде. Осындай игі істер бастама көтерген Кенен ауылы бүгінде облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпазы атанып, 5 млн теңге ұтып алған жайы бар.

Сманалы Жұмабайұлы кездесуге қатысқан кенендіктерге партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарды таныстырып өтті. Кездесуде партиялық тізімге енген кандидаттар Лугмар Буларов, Катира Увалиева, Рамиль Жатқанбай, Ғалым Әлімжановтар ауданды кешенді дамытуға бағытталған партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының 7 басымдығын жан-жақты насихаттады.

0
0
519

Осы тақырып бойынша