"Керуен" сауда үйінде жергілікті шағын ауданның тұрғындары мен кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді
Бүгін Павлодар қаласының үлкен сауда үйлерінің бірі "Керуен" сауда үйінде жергілікті шағын ауданның тұрғындары мен кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды, және де пандемия кезінде кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан көмек пен жеңілдіктер жайлы ақпаратқа тоқтала кеттім. Жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерден ТКҚ және кәсіпкерлікке байланысты өте көп сұрақтар қойылды. Сұрақтардың жауабы дер кезде берілді. "Диспетчерская" шағын ауданының тұрғыны Светлана есімді азаматша Гагарин көшесіндегі үй алдындағы балалар алаңының құрылысы жайында сұрақ қозғады. Бұл сұрақ бақылауда болады. Гүлнәр есімді кәсіпкер кәсіпкерлерге арналған субсидия барын естіп ұлының бизнесін үлкейту мақсатымен субсидияға өтінім қалдыратының айтып…
