Мазмұнға өту

Жаңа

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

0
0
200

Басымдық №3: ЖАСТАРДЫҢ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙМЫЗ

"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір"

"Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы назарында:

Басымдық №3

ЖАСТАРДЫҢ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙМЫЗ

Тегін білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеміз

✔ Жоғары білімге арналған гранттардың санын 50%-ға көбейтеміз

✔ Білім сапасын арттырып, тиімсіз оқу орындарын жабамыз

✔ Студенттер стипендиясын 2 есе өсіреміз

✔ Колледждерде тегін білім алумен қамтамасыз етеміз

✔ 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартамыз

Жас ғалымдарды қолдаймыз

✔ Жас ғалымдарға бөлінетін жыл сайынғы гранттардың санын 1000-ға жеткіземіз

✔ Жыл сайын 500 ғалымды шетелдердегі жетекші ғылыми

орталықтарда тағылымдамадан өткіземіз

✔ Магистранттар мен докторанттар стипендиясын 1,5 есе өсіреміз

Жастардың қоғамдық өмірге араласуға деген ұмтылысын қолдаймыз

✔ Партиялық тізімде жастарға бөлінген 20%-дық квотаның сақталуын қамтамасыз етеміз

✔ Дарынды жастарды Президенттік және партиялық кадр резервіне іріктеуді жалғастырамыз

✔ Жастар бастамасы мен волонтерлікті қаржыландыруды 1,5 есе арттырамыз

#NurOtan

#Қиындықтыеңсеріпженіскебіргежетеміз

#NurOtanқолда

#BizBirgemiz

0
0
163

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы назарында

"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір"

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы назарында:

Басымдық №6

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АДАМДАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙМЫЗ

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдаймыз

және олардың мемлекеттік қызметті пайдалануын

жеңілдетеміз

✔ Азаматтың қатысуынсыз сырттай мүгедектік беруді енгіземіз

✔ Кәмелеттік жасқа толған соң баспана кезегінің үзілмеуін сақтаймыз

✔ Көмекке мұқтаж 1 топтағы мүгедектігі бар азаматтарды, егер олар жеке көмекші қызметін пайдаланбайтын болса жәрдемақымен қамтамасыз етеміз

✔ Асыраушысынан айырылған мүгедек балалар үшін бір мезгілде екі жәрдемақы (мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша) төлеуді қамтамасыз етеміз

Мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту қызметіне

кепілдік береміз

✔ Барлық мұқтаж мүгедектерді техникалық жабдықтармен және оңалту қызметімен қамтамасыз етеміз

✔ Мүгедектігі бар балалар үшін оңалту орталықтарының санын

көбейтеміз

✔ Барлық деңгейдегі әлеуметтік қызметкер мамандығының  беделін көтереміз

0
0
185

"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір"

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы назарында:

Басымдық №7

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАЙМЫЗ

Бизнес үшін салық режимін жақсартамыз

✔ Салық санын азайтып, оларды есептеу тәртібін жеңілдетеміз

✔ Салықтық міндеттемелердің орындалуына қашықтан бақылауды енгіземіз

✔ Әлеуметтік маңызды тауар өндірушілері үшін ҚҚС-ты төмендетеміз

Жаппай жаңа бизнес ашу үшін жағдай жасаймыз

✔  Экономиканың нақты секторын несиелендіруді кеңейту үшін жағдай жасаймыз

✔50 мың азаматқа жеке бизнесін ашуға жалпы сомасы 250 млрд теңгеге микронесие бөлеміз

✔ Агроөнеркәсіптік кешенде 7 ірі экожүйе құру үшін стратегиялық инвесторларды тартамыз

✔  Агроөнеркәсіптік кешендегі 380 жаңа инвестициялық жобаны іске асыруға қолдау көрсетеміз

✔ 600 мың жаңа суармалы жерді айналымға енгізу арқылы 70 мың шаруа қожалығын құруды қамтамасыз етеміз

✔10 ірі туристік кластерді дамытуға қолдау көрсетеміз

✔ 1000-нан астам жаңа IT компаниялардың ашылуын ынталандырамыз, деректерді өңдеу және сақтау саласы бойынша инвестицияны 6 есеге, яғни 500 млрд теңгеге дейін арттырамыз

✔ Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алулары аясында отандық өнімді кепілдендірілген сатып алуын қамтамасыз етеміз

Бизнесті рейдерлік және рұқсатсыз тексерулерден

қорғаймыз

✔ Сот немесе прокурордың санкциясынсыз кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттеріне тыйым саламыз

✔ Салықтық құқық бұзушылықтар үшін бизнесті қылмыстық

жауапкершілікке тарту шегін қайта қарастырамыз

✔ Азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау қағидаттарына сай келмейтін барлық нормативтік құжаттар жойылады

0
0
189

Темірші ауылында "Есіктен есікке" акциясы өтті

Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Е.Қобланды және И.Винтоняк Темірші ауылында "Есіктен есікке" акциясын өткізді. ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀⠀

⠀ ⠀ Үгіт материалдарын таратып, тұрғындарды 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және "Nur Otan"партиясына өз дауыстарын беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
164