Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Осы ретте "30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС" акциясы аясында жеке кәсіпкер, Жаңаөзен политехникалық колледжінің түлегі Алия Аяпова аз қамтылған 5 отбасыға азық-түлік апарып берді.
