Мазмұнға өту

Жаңа

Ұялыжар ауылының тұрғындарына "Есіктен есікке" акциясы өтті

кандидаттармен бірге Бөржар ауыл округіне қарасты Ұялыжар ауылының тұрғындарына "Есіктен есікке" акциясы шеңберінде "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партияның алға қойған 5 жылғы жоспарындағы мақсат міндеттерімен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Ерікті жастар үгіт насихат үнқағаздарын таратты.

0
0
194

Жеңіс ауыл округінде тұратын көп балалы аналардың шаңырағына барды

үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді."Өздеріңіз секілді алтын құрсақты аналардың арқасында еліміздің демографиясы артып келеді. МемлекетІміз аналарға барынша жағдай жасауда. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз", -- десті кандидаттар.Ерікті жастардың таратқан үгіт-насихат үнқағаздарын алған ақ жаулықты аналар жылы лебіздерін айтты. Жұмыстарына табыс, кандидатурасына сәттілік тілесті. Халықтық партияны қолдауға әзір екендіктерін жеткізді.

0
0
124

Zoom платформасы арқылы онлайн түрде кездесу өткізді.

Өздеріңізге белгілі пандемия кезінде ақ халатты абзал жандардың қоғамға аса керек екеніне толықтай көз жеткіздік. Қарапайым ине егушінің өзі қаншама науқастың өмірін сақтап қалды. Күн демей, түн демей қызмет етті. Мемлекет басшысы да олардың бұл еңбектерін ескерусіз қалдырған жоқ. Түрлі марапаттармен әспеттеді. Жалақыларын арттырды. "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ Съезінде мәлім болғандай алдағы жылдары медицина саласы қызметкерлерінің жалақысы 2,5 есеге өспек.Кандидаттар осы тақырыптар аясында сөз қозғады. Медицина саласы үлкен армия екенін айта келіп, сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге үндеді.

0
0
188

Серғазы АҚМҰРАТОВ пен Мұрат САЙЛЫБАЕВ Бөген ауыл округінің тұрғындарымен кездесті.

Егемендік алғалы бері жеткен жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Қазақстанды дербес мемлекет ретінде көптеген елдер мойындады. Семей ядролық полигонын жабу алқылы өзге мемлекеттерге үлгі болдық. Әсем Астананы салдық. Енді міне түркі жұртының рухани астанасына айналған киелі Түркістан шаһары облыс орталығы статусын алды. Мұнда небір ғажайып құрылыс нысандары салынуда. Елімізді осындай дәрежеге жеткізген ұлтымыздың біртуар азаматы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев деп білемін. Осы кісінің сарабдал саясатын жалғастырып, өзіндік ұстанымдарымен елді басқарып келе жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбегі орасан зор. Еліміздің қиын-қыстау кезінде "Nur Otan" партиясы халықпен бірге болды. Соның бір көрінісі ретінде Арыс қаласындағы жарылыс пен Мақтаарал ауданындағы су…

0
0
155

"Александровский сад" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кездесу өтті.

Оны аудандық мәслихаттың депутаты болған, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Тағаев Бақтияр басқарады.Бұл серіктестік 2014 жылы құрылған. 2016 жылдың көктемінде 20 гектар жерге қарқынды алма бауын отырғызған. Ал, 2019 жылы қосымша тағы 20 гектарға алма, шабдалы, нектарин, сүйекті жемістерін отырғызған. 2020 жылы 50 гектар жерге сүйекті жемістер түрін отырғызуды жоспарлаған. Көшеттер Түркия мемлекетінен әкелінген. Қазақстанның ішкі нарығында сатылуда.Жалпы нысанның құны 290 млн. теңгені құрайды. "ҚазАгроҚаржы" АҚ, Аграрлық несие корпорациясынан қаржыландырылған. Жылына 1200 тоннаға дейін алма өндіреді.Бүгін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабының басшысы Әлиасқар БЕРДІМҰРАТ бастаған штаб мүшелері "Александровский сад" ЖШС-не к…

0
0
175

Қайнар Бегалыұлы сайлаушының шаңырағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Қайнар Бегалыұлы сайлаушының шаңырағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе келіп, алдағы сайлауда аталған партияға дауыс беруге шақырды. Сондай-ақ жүрекжарды ізгі тілектерін айтты.Тұрғындар да облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі кәсіпкер Қайнар Бегалыұлының жұмысына табыс, отбасына амандық тіледі. Аталмыш партияға сенім артатынын, отбасымен барып сайлауға қатысатынын жеткізді."Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат келген қонақпен бірге жүріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Ерікті жастар үгіт-насихат үнқағаздарын таратуда белсенділік танытты.

0
0
213

"Есіктен есікке" акциясы өтті

Ол ауыл тұрғындарымен дидарласып, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сонымен қатар партияның жеткен жетістіктерін, алдағы бес жылда атқаратын жұмыстарын тілге тиек етіп, аталмыш партияға дауыс беруге шақырды.Үгіт-насихат үнқағаздарын таратуда ерікті жастар белсенділік танытты.

0
0
126

Қараспан ауылының тұрғыны ақ самайлы әже Оңжалғас Әбдіғахарқызының үйінде қонақта болды.

Сондай-ақ жүрекжарды ізгі тілектерін айтты.Оңжалғас апа да облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі кәсіпкер Қайнар Бегалыұлының жұмысына табыс, отбасына амандық тіледі. Аталмыш партияға сенім артатынын, отбасымен барып сайлауға қатысатынын жеткізді."Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат келген қонақпен бірге жүріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Ерікті жастар үгіт-насихат үнқағаздарын таратуда белсенділік танытты.

0
0
155

Бүгінгі Канвассингте Мәжіліс депутаттығына кандидат Қайнар Абасов жүрді.

— Біз қазыналы қарттарымызды төрден түсірмейтін, сыйлап-құрметтейтін халықпыз. «Батаменен ел көгереді» дегендей, өзіңіздей аузы дуалы қариядан бата алғалы келдім. Ел үшін, жер үшін тер төккен азаматтың бірісіз. Сіздердің жолдарыңыз бізге үлгі-өнеге. «Nur Otan» партиясы еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін қамқорлық көрсетіп келеді. Қашан да елмен, халықпен бірге. Партия Лидері, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да елін, жерін, халқын сүйген азаматтар. Әуелі Жаратқанның, сосын осы кісілердің салиқалы саясатының арқасында еліміздің еңсесі биіктеп келеді. Әрине, халқымыздың ынтымағы мен ауызбіршілігін ерекше атап өтпеске болмайды. Билік пен бұқара бір болғанда ғана елдігіміз баянды болмақ. Оны өзіңіз де білесіз, ақсақал. Сізді және сіз…

0
0
216