Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кандидаттар сайлаушылардың үйіне барды

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Наурызбай Байқадамов пен қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Айнұр Тобаева «Канвассинг» аясында сайлаушылардың үйлеріне барды.

Олар кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталды. Сондай-ақ, партияның осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері мен алдағы уақытта жүзеге асатын жоспарлармен бөлісті.

Зейнет жасындағы тұрғындармен тілдескен үміткерлер тұрғындар тарапынан жеткізілген түрлі ұсыныстарды назарға алды.

Ал сайлаушылар «Nur Otan» партиясына қолдау білдіретінін және алдағы уақытта партиядан жақсы игі істер күтетінін жеткізді.

0
0
171

Осы тақырып бойынша

Кандидаттар сайлаушылардың үйіне барды - Yvision.kz