Партия бизнесті қолдауға басымдық береді
Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Гүлдара Нұрымова, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Қайрат Жетібаев, Айгүл Ақшалова және Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Серік Жетібаев, Шалхар Елемес, Амина Қайназарова "Дәмдес" сауда орталығының тұтынушыларын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлау науқанында дұрыс таңдау жасауға шақырды.
- Шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсу қорларының бірі болып табылады. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.
Партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру есебінен «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің кемінде 250 жаңа жобасына жыл сайынғы қаржылық қолдау көрсетуге, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Тараз, Жаңатас, Қаратау қалаларында кемінде 35 жобаны іске асыруға және 2,6 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні несиелендіруге, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде кемінде 20 басым жобаны жыл сайын қаржыландыруға және іске асыруға, екінші деңгейлі банктердің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2,2 мыңнан аса жобаға кәсіпкерге несие беру тетіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Бұл шаралар 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің қолданыстағы субьектілерінің санын 93,3 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік береді, ШОБ жұмыспен қамтылғандар саны 155,1 мың адамға өседі, - деді үміткерлер.
Оплачено из средств Избирательного фонда Жамбылской области партии «Nur Otan»
Выборы-2021
