Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірлерге сапарлар мен партия өкілдерінің кейбір елді мекен тұрғындарымен өткен кездесулерінің қорытындылары туралы мәлімет берілді.
Сондай-ақ Б.Байбек партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының орталық және өңірлік деңгейдегі жоспарымен таныстырды.
– Біз бюро отырысы мен партия съезін өткіздік. 216 сайлауалды бағдарлама бекітілді. Енді жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.
– Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.
– Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бес мыңға жуық маман даярланды. Мемлекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы жастар қанатының мүшелеріне пандемия кезіндегі қайырымдылық шараларына және волонтерлік қызметке белсене атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жастар белсенділігі әрдайым саяси прогрестің қозғаушы күштерінің бірі болғанына назар аударды.
– Қазіргі кезде жігерлі әрі бастамашыл болудың маңызы ерекше. Өйткені біз тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп отырмыз. Көпшілікке таныс өмір салты артта қалғаны сөзсіз. Технологиялар мүмкіндіктеріміздің әлеуетін айтарлықтай арттыруда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы елді дамыту және Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту ісіне жастардың белсене атсалысуының маңызын атап өтті.
– Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек. Бүгін айтылғандардың бәрін менің өсиетім деп түсініңдер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.
«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек атап өткендей, 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Бұлардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депуттар және басқалар бар. Олардың әрқайсысына арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген.
«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. Біз көп адам жинайтын ауқымды іс-шаралар емес, шағын жиындарға көшеміз. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Шалғай ауылдарға дейін бару керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек. Біз партия мен қоғам арасындағы кері байланысты нығайтып, азаматтардың талап-тілектерін жинауға тиіспіз. Үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы – тұрғындармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделеді», – деп атап көрсетті Бауыржан Байбек.
«Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген адамдары азаматтарды қабылдайды. Қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі. Жалпы, үгіт-насихат кезеңінде 9 мыңға жуық азаматты қабылдау жоспарланып отыр.
Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық қабылдаулар – партияның тұрғындармен кері байланысының және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі.
Осы жылдың 11 айында «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 385 мың өтініш келіп түсті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Сонымен қатар, соңғы 5 жылда қоғамдық қабылдауларға шамамен 1,2 млн адам жүгінсе, оның ішінде 386 мыңы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тауып, тегін консультация беріліп, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді.
Талдау көрсеткендей, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері алаңдатқан, олардың үлес салмағы – 30%. Сол сияқты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету саласы бойынша – 7% құрап отыр.
Фейсбук парақшамда Канат Имашев деген азамат пен таныстым.
Менің мүмкіндігі шектеулі азаматтар туралы жазбаларыма өз пікірін жазып отыратын азамат.
Бүгін Қанатпен танысып, жағдайын білу ниетте үйіне бардым. Әңгіменің басында, үйіндегі жылу мәселесін шешкен Жаңаөзен қала әкімі Мақсат Ибағаровқа алғысын білдірді.
Қаладағы емханаларға, мәдениет үйінде,т.б жерлерге барған кездерінде лифт,инватакси жоқ екендігін, ғимараттарда қиындық туғызатын мәселелерді айтып,шешімдерін табуға көмек сұрады.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету – қоғам парызы болып табылады. ҚР Тұңғыш Президент, "Nur Otan" партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін еліміз кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін түсіндірген еді. Жалпы айтқанда,мұндай тұлғалар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек.
Біз қоғам болып мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыруымыз керек.
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының "Ерекше қажеттілігі бар адамдарға жағдай жасау" бағыты, аталған мәселелердің шешімін табады деген сенімдемін.
Еліміздің сан ғасырлық тарихында бар ерік-жігерін, ақыл-парасатын ел ертеңі жолында құрбан еткен ерлеріміздің есімдерін біз тарих беттеріне емес, жүрегіміздің төріне қойдық.
Қадірі асқақ мерейлі Тәуелсіздік күнімен барша қазақ жұртын құттықтаймыз!
Бүгін тікелей эфирде "Атамекен" ҰКП аудандық филиалының басшысы Дмитрий Корепановпен ауылдағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша онлайн-кездесу өтті.
Танымал кәсіпкер бизнесті жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, сондай-ақ онлайн-кездесуге қатысушыларды жаңа бастаған кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау тетіктері туралы хабардар етті.
Сегодня в прямом эфире прошла онлайн-встреча с руководителем районного филиала НПП «Атамекен» Дмитрием Корепановым по вопросам развития малого и среднего бизнеса в селе.
Спикер, известный предприниматель из Новочерноярки, поделился своим опытом ведения бизнеса, а также проинформировал участников онлайн-встречи о механизмах государственной поддержки начинающих бизнесменов.
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына барлық кандидаттар Павлодар ауданының сайлауалды штабының аумақтық бөлінісіне сәйкес "Есіктен есікке"акциясына шықты. Барған ауылдарда партия мүшелері "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырып, үгіт материалдарын таратты.
Сегодня все кандидаты в депутаты районного маслихата в соответствии с территориальным распределением предвыборного штаба Павлодарского района вышли на акцию "От двери к двери". На местах партийцы призывали голосовать за партию "Nur Otan" и раздавали агитационный материал.
Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Серік Джартыбаев пен Қайрат Әбішев "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша Павлодар ауданының педагогтарымен кездесу өткізді.
Серік Тілеуханұлы кезінде ауылда өмір сүрген педагог және маман ретінде ауыл тұрғындарының барлық проблемаларын іштен біледі. Ол жастардың бос уақыты мен жұмысқа орналасу мәселелері туралы айтты. Олардың барлығы партияның тұрақты бақылауында, ауылда оң өзгерістер бар. Қайрат Әбішев жас кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларына тоқталып, өз бизнесін табысты жүргізудің қызықты мысалдарын келтірді.
Кандидаттар сөз сөйлегеннен кейін ауыл тұрғындары өз сұрақтарын қоя алды. Негізінен, олар Шақат ауылындағы жолдарды жөндеуге, Кемеңгердегі су құбырын салуға, көшелерді жарықтандыруға және абаттандырудың басқа да аспектілеріне қатысты болды.
Кездесу соңында үміткерлер "Nur Otan" партиясына, нақты істер партиясына дауыс беруге шақырды!
Кандидаты в депутаты Павлодарского областного маслихата Серик Джартыбаев и Кайрат Абишев провели встречу с педагогами Павлодарского района по разъяснению предвыборной программы партии «Nur Otan» «Путь перемен: достойную жизнь каждому!»
Приветствуя участников встречи, Серик Тлеуханович, как педагог и специалист, живший в свое время в селе и знающий все проблемы сельских жителей изнутри, рассказал о проблемах трудоустройства и досуга молодежи. Все они на постоянном контроле партии, в селе уже есть положительные преобразования. Кайрат Абишев коснулся мер государственной поддержки молодых предпринимателей, привёл интересные примеры успешного ведения своего бизнеса.
После выступления кандидатов, сельчане смогли задать свои вопросы. В основном, они касались ремонта дорог в селе Шакат, строительства водопровода в Кемеңгере, освещения улиц и других аспектов благоустройства.
В завершение встречи кандидаты призвали голосовать за "Nur Otan", партию реальных дел!