Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мерген ауылдық округінің мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесe

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер М.Құрманғалиев, А.Сағитов Ақсуат,Ақжол,Мерген ауылдық округінің мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.Үміткерлер «Nur Otan» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайтындығын, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» , «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру бойынша жұмыстардың жалғасатындығын айтып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесуде ауылдық округтердегі мәдениет саласының қызметкерлері ауыл мәдениет үйіндегі музыкалық құрылғылардың жаңартуды қажет ететінін айтып, "Димломмен ауылға" бағдарламасы, мәдениет үйлерін күрделі жөнлеуден өткізу бойынша сұрақтар қойып, тиісінше жауаптарын алды. Ақылбек Сагитов мәдениеті мен тарихы бай Ақжайық ауданы үшін мәдениет саласының қызметкерлерін өзінің тарапынан үнемі қолдайтынын да айтып өтті.

0
0
177

Осы тақырып бойынша