Мазмұнға өту

Жаңа

"канвасинг" (От двери к двери) акциясын өткізді

#NurOtan #Bizbirgemiz #JasOtan #Tanday2021

Облыстық мәслихат депутаттылығына үміткер Акимов Бекім Серікұлы "канвасинг" (От двери к двери) акциясын өткізді. Акция аясында "Nur Otan"партиясының алға қойған мақсат мүдделерімен таныстырып,нақты атқарылатын істер туралы баяндады. Ерейментау тұрғындарын елдің қамы үшін аянбай жұмыс атқаратын, халық сенімін ақтайтын "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды!

0
0
119

«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда

«Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
196

Қамысқала бастауыш партия ұйымының сайлаушыларымен кездесу өтті

Кездесуде "Nur Оtan" партиясы Исатай ауданды бойынша алдағы 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, қойылған сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ, «Nur Otan»  партиясы ұсынып отырған басты басымдылықтар туралы айтып, нақты істер партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
158

Онлайн форматта кездесу өтті

Ауыл тұрғындарының сұрақтарын, ұсыныс-пікірлерін тыңдаған кандидат оларға қолданыстағы заңнамалар шеңберінде жауап беріп, өзекті мәселелерді шешу бағытында жұмыстанатынын жеткізді. Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауыл тұрғындарын алдағы жылы өтетін сайлауда еліміздегі беделді партия-"Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
160

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Сайрам ауданында болды

Республикалық қоғамдық штаб мүшесі, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы Сайрам ауданының жастарымен кездесті.  Кездесу барысында  жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуін қамтамасыз ету мақсатында партияның сайлауалды бағдарламасында нақты жүзеге асуы көзделіп отырған бағыттарға тоқталып өтті.

Атап айтқанда:

- сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50%-ке көбейту;

- 2025 жылға қарай жастардың барлығы колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуды қаматамасыз ету;

-  2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақылары 2 есе, магистранттар мен докторанттардікі 1,5 есе көтеру;

- жас ғалымдарға жыл сайын 1000 грант бөлу;

- жылына шамамен 5 мың адамды қамтитын «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосу;

- жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға жыл сайын 10 мың грант беру;

- 30 мыңнан аса жас «Бастау Бизнес» жобасының шеңберінде өз бизнесін ашу дағдыларын үйрету;

- «Жасыл Ел» жобасының шеңберінде 30 мың жас, оның ішінде 10 мың ауыл жастары жыл сайын жазғы мезгілге жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша  «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында жастарды қолдау шараларына кеңінен тоқталып өтті.

Кезесудің екінші бөлігі аудан жастары Мұхтар Тілдәбекұлынан комитет жұмысына қатысты, Беларусь мемлекеті мен Қырғыз еліндегі ахуал жайлы пікір алмасты.

2
0
232

Атырау облыстық маслихатының депутаттығына кандидат Ә.Семғалиев Канвассинг өткізді

Шара барысында сайлаушылармен кездесіп, "Nur Otan" партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді.

Атырау облысындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Сайлау-2021

0
0
247