Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар қала тұрғындарымен онлайн форматта жүздесті.

Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ә.Ахметов, М.Сарыпбекова, Р.Қуатбекова қала тұрғындарымен онлайн форматта жүздесті.

Кездесу барысында Ахметов Әлімжан Абсаттарұлы Сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарының біріне тоқтала келе -

- Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі ерекше және өзекті болып отыр. Қаланың ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.

Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

● сүт бағытындағы ірі қара малдың басын 1500 басқа дейін арттыруға;

● қуаттылығы 15 мың тонна құрама жем шығаратын зауыт құрылысын аяқтап, 20 жұмыс орнын ашуға;

● 3000 ірі қара басты бордақылау алаңын салып, 120 адамға жұмыс орнын ашуға;

● қолданыстағы қайта өңдеу объектілерінің шығарылатын өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге ықпал етеді;

● кәсіпкерлер мен фермерлерге инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы үшін қолдау көрсетеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай асыл тұқымды мал басының үлесі арттырылып, мүйізді ірі қара мал саны 130%-ға (25 мыңға), қой, ешкі малының саны 125%-ға жетеді. Бес жыл ішінде сүт өнімі 2 есе, ет өнімі 2,5 есе, жұмыртқа 10,0 млн. данаға, дәнді дақылдар 3 есе артып, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу көлемі 10 млрд. теңгеге жеткізіледі - деді.

0
0
144

Осы тақырып бойынша

Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар қала тұрғындарымен онлайн форматта жүздесті. - Yvision.kz