Жеңімпаз бол!
Жеңімпаз бол!
#NurOtanғаДауысБер
#NurOtan
Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сарыпбекова Мөлдір Сейсенбекқызы қаладағы зейнеткер, аға буын өкілдерімен онлайн форматта кездесті.
Кездесуде партияның Арыс қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы 7 басым-бағыттарды талқылай келе, сөзін тарқатқан М.Сарыпбекова-
- Біз партияның ықпалымен тең мүмкіндіктер құрамыз.
Қалада ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.
Қала бойынша паспортталған 108 (100%) мекеме мен кәсіпорындардың ғимаратында пандус орнатылған.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
● мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;
● инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 6-дан 31-ге (100%) жеткізуге;
● мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін инвотаксидің санын 4-ке жеткізуге;
● жыл сайын 100-ден астам мүгедектерді жұмыспен қамту шараларына қатысуға;
● Арыс қаласы мен ауылдық округтерде «Қамқорлық» бағдарламасына сәйкес, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау мақсатында арнайы топ жасақталып, әр ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді.
Нәтижесінде егде жастағы, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және аз қамтылған тұрғындар әлеуметтік қолдауларға кедергісіз қол жеткізеді. Инклюзивті білім алуға мұқтаж балалар 100% қамтылады - деді.
