Кандидат Керімшеев Нұрмахан Серікұлы - тұрғындармен онлайн форматта насихаттық кездесу өткізді
Бүгін Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Керімшеев Нұрмахан Серікұлы - тұрғындармен онлайн форматта насихаттық кездесу өткізді.
Кездесу барысында партияның Арыс қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жеткізді.
ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1. Экономикалық тұрақты қала;
2. Ыңғайлы қала;
3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған қала;
4. Жастарға арналған қала;
5. Тарих пен мәдениетті дамыту;
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
7. Қауіпсіз қала.
Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы қаланы дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
Қаланың табысты дамуының кепілі – ортақ мүдделерімен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады.
Бізге мемлекеттік органдар мен қала тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
● электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 100%-ға жеткізуге;
● қаланың барлық сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуіне;
● Қоғамдық кеңесте аймақ дамуының өзекті мәселелерін қарауға;
● төртінші деңгейлі бюджетті бөлу кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға;
● ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін іске қосуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындарына «Бір терезе» негізінде көрсетілетін қызметтердің үлесі 100%-ға ұлғайып, электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100% автоматтандырылады - дей келе, басымдықтарға жекелей тоқталып, тарқатып айтты.
