Мазмұнға өту

Жаңа

Кандидаттар мерейтой иесін құттықтады

«Nur Otan» партиясының партиялық тізімдері бойынша Батыс Қазақстан облысынан ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев және  Сәбира Сүндетова аудандық ардагерлер кеңесінің, «Жәнібек ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,«Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» Амангелді Уәлиевтің үйіне арнайы барып, мерейтойымен құттықтады. Жылы лебіздерін жеткізіп, құттықтау хат табыс етті.

0
0
214

Аудан тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сай және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарға ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалып, ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан бастап ел аумағында сайлауалды үгіт жұмыстары басталған болатын.

Осыған орай Жәнібек ауданына «Nur Otan» партиясының партиялық тізімдері бойынша Батыс Қазақстан облысынан ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев, Сәбира Сүндетова және БҚО Жәнібек ауданы бойынша өкілі Самиғолла Оразов келіп, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы кандидаттарды қолдау жөніндегі штабтың мүшелері және аудан тұрғындарымен кездесті.

Жиынды «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев жүргізіп отырды.

ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттың әрқайсысы әр салаға тоқталып, «Nur Otan» партиясының Жәнібек ауданына қатысты алдағы бес жылдығына арналған жоспарды таныстырып, «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп дауыстарын аталған кандидаттарға беруге шақырды.

Басқосуды өзінің жылы лебізімен Самиғолла Хамзаұлы кездесуді қорытындылады.

0
0
203

«Есіктен есікке» акциясы

Абай аудандық мәслихатының «Nur Otan» партиясының депутаттығына кандидаттар Владимир Черепанов пен Айгүл Жалғасова Абай ауданының Топар және Южный кенттерінде «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Кент тұрғындарына кандидаттар «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Южный кентінде өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарлануда: 2 км кіреберіс жолды жөндеу, Қарабас-Южный-Құлайғыр ҚТҚ полигонын салу, қоқысты бөлек жинау үшін 390 контейнер орнату, дәрігерлік амбулатория салу.

Сынақтардан өтіп, бірге жеңеміз!

Кандидаты в депутаты Абайского районного маслихата партии «Nur Otan» Владимир Черепанов и Айгуль Жалгасова провели акцию «От двери к двери» в п. Топар и п. Южный Абайского района.

Жителям поселков кандидаты рассказали об основных направлениях Предвыборной программы партии «Nur Otan» на 2021-2025 годы и призвали прийти на выборы 10 января 2021 года и проголосовать за партию «Nur Otan».

В рамках Предвыборной программы партии планируется ряд мероприятий по улучшению качества жизни в п. Южный: ремонт 2 км подъездной дороги, строительство полигона ТБО Карабас-Южный-Кулайгыр, установка 390 контейнеров для раздельного сбора мусора, строительство врачебной амбулатории.

Преодолев испытания, победим вместе!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
136

Партияның сайлауалды үгіт жұмыстары аясында

Партиялық тізім бойынша "Nur Otan" партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат болып тіркелген Жасұлан Басиров партияның сайлауалды үгіт жұмыстары аясында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партия тарапынан ел игілігі үшін атқарылып жатырған жұмыстар туралы онлайн хабардар етті.

0
0
176

«Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» Амангелді Уәлиевті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Аудан әкімі Азамат Сафималиев аудандық ардагерлер кеңесінің, «Жәнібек ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,«Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» Амангелді Уәлиевті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Мерейжас иесіне облыс әкімі Ғ. Есқалиевтің,  Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтің,  «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Мұқаевтың, өзінің құттықтау хатын табыстады.

Сондай-ақ ҚР «Ауыл шаруашылығы ардагерлер Кеңесі» Қоғамдық бірлестігі атынан «Құрметті ардагер» медалін тағып, иығына шапан жапты.

-Сіз саналы ғұмырыңыздың жалынды жастық шағын ауданымыздың өркендеуіне арнадыңыз.Ел игілігі мен көркеюі жолындағы еңбегіңіз бағаланып, елгі сыйлы, қадірлі бола білдіңіз. Сексен жасқа аяқ басқан қазыналы шағыңызда да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келесіз.Осы қуанышты сәтте сізді аудан жұртшылығы атынан мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын!-деді Азамат Сафималиұлы.

Аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов та депутаттар атынан ізгі тілегін жеткізіп, сый-сияпат тарту етті.

Жиында Амангелді Мырзағалиұлына арналған бейнетаспа көрсетілді. Онда ақсақалмен үзеңгілес болған бұрынғы әріптестері құттықтап,  естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде сөз сөйлеген мерейжас иесі аудан әкіміне жалпы аудан жұртшылығына өзіне көрсеткен құрметке алғысын білдірді.

0
0
230

"Есіктен есікке" акциясы

Бүгін “Есіктен есікке” акциясы аясында “Nur Otan” партиясының сенімді өкілдері қала тұрғындарына үгіт-насихат жұмысы бойынша буклеттер таратты!

🔸Буклеттерде Қазақстанның 7 басты жетістігі туралы жазылған.

🔸Баршаңызды “Nur Otan” партиясына 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырамыз.

❗️БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

❗️ПРЕОДОЛЕВ ИСПЫТАНИЯ, ПОБЕДИМ ВМЕСТЕ!

❗️ЖАҢА ЖЕҢІСТЕРГЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

❗️ДОБЬЕМСЯ НОВЫХ ПОБЕД ВМЕСТЕ!

0
0
169

Ауыл тұрғындарына үгіт насихат жүргізілді.

«Nur Otan» партиясы Қамысты аудандық мәдениет үйінде алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына ауыл тұрғындарына үгіт насихат жүргізілді.

Кіріспе сөзінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев жиналғандарғанға алдағы сайлауда партия алдында тұрған міндеттерге тоқталды.

Шара барысында сөйлегендер партиялық тізім бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Кенжалиева Салтанат және Райгуль Шагирова өткізілетін сайлауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдау және оларды үгіттеп, насихаттау бойынша жүзеге асырылатын жұмыстарды атап өтті.

0
0
166

Сайлауалды үгіт жұмыстары аясында

Партиялық тізім бойынша "Nur Otan" партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат болып тіркелген Рауан Утегалиев "Есіктен-есікке" шарасы шеңберінде Жәнібек ауылының тұрғындары Е.Кабдировтің, Е.Тулепкалиевтің, М.Рахмушевтің үйлерінде болып, сайлауалды үгіт жұмыстары аясында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партия тарапынан ел игілігі үшін атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етті. Кездесу соңында Р.Утегалиев әр тұрғынға партияның сайлауалды үгіт материалдарын таратып өтті.

0
0
161

«Zoom» платформасында сайлауалды кездесуін өткізді.

М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша Жәнібек аудандық мәслихатына депутаттығына кандидаттар: Берік Ихсанов, Нұртілек Мизамбаев, Саида Избасова ауданның білім беру саласының қызметкерлерімен онлайн-режимде «Zoom» платформасында сайлауалды кездесуін өткізді.

Кездесуде Берік Ихсанов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырып, партия тарапынан жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, ол кездесуге қатысушыларды белсенділік танытып, 2021 жылғы 10 қаңтарда өткізілетін сайлауға қатысуға шақырып, «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетуді сұрады.

0
0
182