Ауыл тұрғындарына үгіт насихат жүргізілді.
«Nur Otan» партиясы Қамысты аудандық мәдениет үйінде алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына ауыл тұрғындарына үгіт насихат жүргізілді.
Кіріспе сөзінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев жиналғандарғанға алдағы сайлауда партия алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
Шара барысында сөйлегендер партиялық тізім бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Кенжалиева Салтанат және Райгуль Шагирова өткізілетін сайлауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдау және оларды үгіттеп, насихаттау бойынша жүзеге асырылатын жұмыстарды атап өтті.


