Мазмұнға өту

Жаңа

Қамысты ауылының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу жоспарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт шеңберінде 2020 жылғы 13 желтоқсанда Қамысты ауылының мәдениет үйінде жергілікті тұрғындардың «Nur Otan» партиясынан партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттармен кездесуі өтті. Оған 50-ден астам сайлаушы қатысты.

Кездесуге қатысқан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Кенжәлиева және Р.Шагирова сөз сөйледі. «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев жиналғандарды алдағы сайлаудың ерекшеліктері туралы хабардар етті. Кездесуге қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырып, «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын жақсарту және ел экономикасын нығайту жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.

Өз кезегінде Салтанат Кенжәлиева «Nur Otan» партиясының ауылдық елді мекендерді қолдау және дамыту бойынша қабылдаған шараларын туралы атап өтті. Райгүл Шагирова соңғы уақытта партияның «электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатқанына назар аударды. Кездесуде сөз алған Қамысты ауылының тұрғыны Нұрболат Мусин аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерге алғыс айтып, алдағы сайлауда сәттілік тіледі. Сондай-ақ Нұрболат Мусин ауылдық мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттілігі туралы ұсыныс айтты. Мусиннің пікірінше, бұл жастар мен жалпы ауыл тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. Жергілікті тұрғындардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

0
0
243

Құрметті батысқазақстандықтар!

Бар игілігіміздің бастауы, ел жүрегі Отан деп соққан әрбір адам үшін қасиетті, еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол елдегі мемлекет құраушы ұлттың ұлы рухы, жасымаған жігері, тұнық ой-санасы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші елдің бірлігінде, этносаралық татулықта  жатыр.

Дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, жақын-жуықтарыңызға амандық тілеймін.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрдайым биік болсын!

Құрметпен,

"Nur Otan" партиясы БҚОФ Төрағасының бірінші орынбасары

М.Мұқаев.

0
0
191

Тау ауылында болып, жергілікті сайлаушылармен кездесу өткізді.

Бекітілген кестеге сай "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Б.К.Куаналиев, Т.Т.Сариев және Р.Г.Шагирова Тау ауылында болып, жергілікті сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесуде Біржан Қуаналиев партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтарды атап өтіп, партия тарапынан жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды. Бұдан басқа, Таңат Сариев партияның ауыл шаруашылығы саласын дамыту және оған қолдау көрсету бағытында жүзеге асырылып жатырған жұмыстарға тоқталса, Райгүл Шагирова ауылдық жерлерде электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар етіп, " Nur Otan" партиясы осы міндеттерді іске асыруды басымдық ретінде белгілегендігін көрсетті. Өз кезегінде, тұрғындар атынан сөз сөйлеген ауыл тұрғыны Алтынай Карашина кандидаттарға алдағы сайлауда сәттіліктер тілеп, өзінің көкейіндегі ауылдық балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу мәселесіне қатысты осы жұмыстарды іске асыру үшін қаражат бөлуге ықпал ету жөнінде ұсыныс білдірді

0
0
166

Ерлігі үшін марапатталды

 Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында өрт құшағынан жанұшыра бауырларын аман-есен алып қалған Дана Өтебаева ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев өрт салдарынан анасынан айырылған Данаға марапатты табыстап, сабырлыққа шақырды.

 Айта кетейік, ағымдағы жылдың 27 қазанда Жәнібек ауданы орталығындағы Ш.Шарафутдинов көшесі 5/2-мекенжайында өрт шығып, 37 жастағы Дананың анасы газдан уланып, қайтыс болды. 16 жастағы Дана өрт сөндірушілер жеткенге дейін өзінен кіші үш бауырын терезеден шығарып алған.

0
0
208

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде құрылыс жұмыстарының процесімен танысты.

Партиялық бақылау аясында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев және  партиялық бақылау комиссиясының мүшелерінің қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Жәнібек ауылының батыс бетінде салынып жатқан екі қабатты жаңа үйлердің құрылысында болып, құрылыс жұмыстарының процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «Энергоремсервис» ЖШС болып анықталған,техникалық қадағалаушысы «Shanurak Jobalau» акционерлік компаниясы белгіленген.

0
0
254

Ғ. Мұстафин кентінде халықпен кезекті үгіт-насихат кездесуі өтті!!!

Кент тұрғындарымен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Кузбакова Айман және Қожахметова Ләззат кездесті.

Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары, атап айтқанда, г.Мұстафин ауданы мен кентін дамыту туралы айтып берді.

Жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандар салу, бизнес кәсіпорындарын ашу, қосымша жұмыс орындарын құру және т.б. жоспарлар туралы әңгіме болды.

Сайлаушыларды "Nur Otan"партиясына дауыс беруге шақырды.
С жителями посёлка встретились кандидаты в депутаты областного маслихата Айман Кузбакова и Ляззат Кожахметова.

🔳Кандидаты рассказали об основных направлениях Предвыборной программы партии, в частности развития района и посёлка Г. Мустафина.

🔳О планах по строительству новых социально значимых объектах, открытию предприятий бизнеса, созданию дополнительных рабочих мест и других.

Призвали избирателей проголосовать за партию «Nur Otan”.
4
0
218

Сайлау алдындағы үгіт-насихат аясында Сұлутөр ауылындағы «Айбар» дүкенінде облыстық сайлауалды...

Сайлау алдындағы үгіт-насихат аясында Сұлутөр ауылындағы «Айбар» дүкенінде облыстық сайлауалды штабының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Умаров Гулам Мухтарович, аудандық сайлауалды штабының  мүшесі  Б.Әлімбет  және Қордай аудандық мәслихатына үміткерлер Т.Апаева, А.Ашимова,  Е.Сүлейманқұл, Э.Курумбаев  ауыл тұрғындарымен экспромт-кездесу өткізіп, онда партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, насихаттады.бағдарламасын түсіндіріп, насихаттады.

0
0
244

"Есіктен есікке" акциясы аясында ауыл тұрғындары үйлеріне барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұртілек Мизамбаев және Біржан Ғұбашев "Есіктен есікке" акциясы аясында аудан ардагерлері Біржан Кенжәлиев пен Зәуре Ғүбашеваның үйлеріне арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
162

"Есіктен есікке" акциясы аясында

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлмира Бекжанова және Гүлмира Қауденова "Есіктен есікке" акциясы аясында аудан тұрғындары Абдушевтар отбасының, Гұлнұр Чурина, Айжан Сағымбаеваның үйлеріне арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
195