«Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» Амангелді Уәлиевті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Аудан әкімі Азамат Сафималиев аудандық ардагерлер кеңесінің, «Жәнібек ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,«Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» Амангелді Уәлиевті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Мерейжас иесіне облыс әкімі Ғ. Есқалиевтің, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтің, «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Мұқаевтың, өзінің құттықтау хатын табыстады.
Сондай-ақ ҚР «Ауыл шаруашылығы ардагерлер Кеңесі» Қоғамдық бірлестігі атынан «Құрметті ардагер» медалін тағып, иығына шапан жапты.
-Сіз саналы ғұмырыңыздың жалынды жастық шағын ауданымыздың өркендеуіне арнадыңыз.Ел игілігі мен көркеюі жолындағы еңбегіңіз бағаланып, елгі сыйлы, қадірлі бола білдіңіз. Сексен жасқа аяқ басқан қазыналы шағыңызда да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келесіз.Осы қуанышты сәтте сізді аудан жұртшылығы атынан мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын!-деді Азамат Сафималиұлы.
Аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов та депутаттар атынан ізгі тілегін жеткізіп, сый-сияпат тарту етті.
Жиында Амангелді Мырзағалиұлына арналған бейнетаспа көрсетілді. Онда ақсақалмен үзеңгілес болған бұрынғы әріптестері құттықтап, естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде сөз сөйлеген мерейжас иесі аудан әкіміне жалпы аудан жұртшылығына өзіне көрсеткен құрметке алғысын білдірді.


