Мазмұнға өту

Жаңа

Демалыс сәтінде де акцияны жалғастырды

Батыс Қазақстан облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер Айнұр Мукангалиева демалыс сәтінде де "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жалғастырды. Мұз айдынындағы демалушылармен алдағы өтетін сайлау жұмыстары бойынша әңгімелеп, "Күш-бірлікте! Бәріңізді бір ауыздан "Nur Otan" партиясын қолдауға щақырамын",-деді үміткер сөзін қорытындылап

#NurOtan

8
0
178

Әлеуметтік сала қызметкерлеріне үгіт насихат жүргізілді.

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық мәдениет үйінде алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына әлеуметтік сала қызметкерлеріне үгіт насихат  жүргізілді.

Кіріспе сөзінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қайырғалиұлы Қуаналиев жиналғандарғанға алдағы сайлауда партия алдында тұрған міндеттерге тоқталды.

Шара барысында сөйлегендер партиялық тізім бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Тахир Зинұрұлы Кадимов және сайлауалды штабтың мүшесі Бекет Алипкалиев өткізілетін сайлауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдау және оларды үгіттеп, насихаттау бойынша жүзеге асырылатын жұмыстарды атап өтті.

0
0
171

Қордай аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қ.Қыпшақбаева...

Қордай аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар  Қ.Қыпшақбаева, М.Адамбаев Қордай аудандық филиалының ғимаратында «Кандидатқа сұрақ қойыңыз» тақырыбында онлайн тікелей эфир кездесуін өткізді.

0
0
214

"Nur Otan" партиясынан Ақтоғай аудандық мәслихат депутаттығына кандидат экспромт-кездесу өткізді.

"Nur Otan" партиясынан Ақтоғай аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Б Ақпанбаева Ақтоғай ауданындағы «Қазақтелеком» АҚ болып, экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер  Ақтоғай ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтіп, әр келушімен жеке сөйлесіп, партия туралы пікірлерін тыңдап, үгіт материалдарын таратып және барлығын 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға шақырды. Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

ПОСТ С ФБ

0
0
126

Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер А. Агаев акцияны жалғастырды

АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА

Есіктен есікке акциясы бойынша Батыс Қазақстан облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер А. Агаев алдағы 10-қаңтарда өтетін мәжіліс, облыстық, аудандық мәслихат депуттатарының сайлауына қатысуға, "Nur Otan" партиясын бір ауыздан қолдауға шақыру мақсатында тұрғындармен кездесті.

Партияның басты мақсаттарымен етене таныстырып, "Елбасының айтқан үш қағидасы бар. Олар: "жауапкершілік, партияның бірлігі, ортақ мұрат-мақсаттарды ұстану. Басты ұранымыз: "Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!"

Сондықтан ел болып,халық болып партияны қолдайық",- деді А.Агаяроглы.

5
0
225

Nur Otan сайлауалды штабы Шымкентке келді

Шаһардағы медициналық және әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу, оның ішінде жаңадан қосылған аудандарда құрылыс жүргізу мәселелерін талқылау үшін қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы 5 жылда Шымкент қаласында сайлауалды бағдарлама аясында 42 мектеп пен 22 медициналық мекеменің құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қала шетіндегі 620 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен, табиғи газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Әсіресе, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға арналған 3 млн. шаршы метр тұрғын үй салуға баса мән беріледі. Ол үшін 3,5 мың пәтер салынады.

Сапар барысында сайлауалды штаб мүшелері қаладағы бірқатар кәсіпорындарды аралады. Олардың қатарында «AZALA Textile» мақта-мата комбинатына да барды.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алуды азайту және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Жалпы, «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында Шымкентте 80 мың жұмыс орнын құра отырып, 23 жаңа кәсіпорын ашу жоспалануда.

Шымкент сапары барысында нұротандықтар «Jas Otan»-ның белсенді жастарымен де жүздесіп, оларға үгіт-насихат науқанына аянбай атсалысып жатқандары үшін алғыс білдірді.

Сол күні «Nur Otan» өкілдері Қаратау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында қала тұрғындарымен ашық әңгімелесті.

Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбектің айтуынша, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимыл жасау үшін 5 жыл ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті 100% цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр. Сонымен бірге халыққа қолайлы болу үшін мемлекеттік органдардың барлық ақпараты бірыңғай жүйеге интеграцияланады.

«Халықпен бірлесе отырып қана біз жемқорлықты жоя аламыз! «Nur Otan» саяси қызметшілердің, соттардың, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, пара берушілер мен пара алушылардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатаңдатуды көздеп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа шатылған жандардың квази және мемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынуын қамтамасыз етеміз. Бұл ретте жемқорлардан тәркіленген барлық мүлік азаматтарымыздың әлеуметтік қажеттіліктеріне бағытталады. «Nur Otan»-ға, яғни нақты істер мен мақсаты айқын партияға дауыс беріңіздер!», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Билеуші партияның сайлауалды бағдарламасымен толығырақ nurotan2021.kz сайтынан танысуға болады.

0
0
183

"Есіктен есікке "акциясын аудандық мәслихат депутаттығына үмiткер А. Имашева да жалғастырды

"Есіктен есікке "акциясын аудандық мәслихат депутаттығына үмiткер А. Имашева да жалғастырды. Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, партияны қолдауға шақырды.

4
0
185

Nur Otan өкілдері Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

Тұрғындар жастарға қолдау көрсету, денсаулық сақтау саласының сапасын көтеру, мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту секілді тағы да басқа мәселелерді көтерді. Аталған ұсыныстардың барлығы праймериз барысында жұртшылықпен кеңінен талқыланған сайлауалды бағдарламаларда қамтылған.

Мәселен, өңірде 100-ден астам ауылды сапалы ауыз сумен, газбен және кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ, 13 жаңа мектеп пен Оқушылар сарайын салу көзделіп отыр.

«ҚТЖ» Локомотив депосы мен «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының ұжымымен кездесуде азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында 130 мың жұмыссыз адамды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге оқыту көзделген. Сонымен бірге 150 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылады. Нақты Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібі саласында 19 инвестициялық жобаны іске асыру және 8 жаңа өндірісті іске қосу жоспарлануда. Соның нәтижесінде өңірде 5 жыл ішінде 84 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады.

Облыс спортшыларымен кездесу барысында Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек бұқаралық спортты дамыту, әсіресе, балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша партиялық бағдарламадағы негізгі басымдықтар жайын сөз етті.

Жалпы, ұлттық спорт түрлері тың қарқын алады. «Nur Otan» ат спортын және басқа да бағыттарды насихаттау мен дамытуға ықпал етеді.

«Жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе артады. Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырып, жүргізгені үшін базалық еңбекақысына 100% мөлшерінде қосымша ақы көзделеді. Әрбір ауылдық округте спорт инструкторы лауазымы енгізіледі. Барлық тірек ауылдарды қамти отырып, балалар-жасөспірімдер клубтарының саны мыңға дейін жеткізіледі. Ересектер мен ерекше қажеттілігі бар балалардың спортпен шұғылдануларына жағдай жасалады. Бізбен бірге болыңыздар! Жеңімпаз болыңыздар! «Nur Otan»-ға дауыс беріңіздер!», - деді Б. Байбек.

⠀

Кездесу нәтижесінде қатысушылардың көпшілігі «Nur Otan»-ға қолдауын білдіріп, алдағы сайлауда партияға дауыс беруге ниеттеніп отырғандарын жеткізді.

0
0
187