Кандидаттар мерейтой иесін құттықтады
«Nur Otan» партиясының партиялық тізімдері бойынша Батыс Қазақстан облысынан ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев және Сәбира Сүндетова аудандық ардагерлер кеңесінің, «Жәнібек ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,«Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» Амангелді Уәлиевтің үйіне арнайы барып, мерейтойымен құттықтады. Жылы лебіздерін жеткізіп, құттықтау хат табыс етті.


