Мазмұнға өту

Жаңа

"Есіктен есікке" акциясы бойынша Алатау ауданында

"Есіктен есікке" акциясы бойынша Алатау ауданының үйлерді аралап мәслихат депутаттығына кандидаттар: Нурлыбаев Руслан Ергалиевич , Рамазан Бекбол Батыржанұлы,Шамова Арайлым Мәтжанқызы партияның үгіт насихат парақшасын өз қолдарымен таратты.

0
0
524

Манар Советұлы мен Қанат Назарұлы Ойшілік ауылында "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ" өткізді.

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Манар Советұлы мен Қанат Назарұлы Ойшілік ауылдық "Ақ- Найман" шаруа қожалығына барып "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ" өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, тұрғындардың түрлі сұрақтарына жауап берді.

0
0
183

Сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Мейрамбек Күнпейісов, Дина Бекмурзаева, Нұрсұлтан Абдуллаев,Бақыт Стамкулов,Ирода Мухамеджанова  әлеуметтік желі  арқылы тікелей эфирге шығып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Онлайн өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.  Дамудың жеті басымдықтарына жеке-жеке тоқталған үміткерлер  білім,әлеуметтік,кәсіпкерлік бағыттары бойынша  партияның сайлауалды бағдарламаларын толығымен түсіндірді.Әлеуметтік желі белсенділерінің сауалдарына жауап берді.Онлайн кездесуде ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдарға кедергісіз қолжетімділікті құру мақсатында барлық әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарын бейімдеуге қол жеткізу жайына ерекше тоқталып, партияның алда атқарар жұмыстарын талқылады.

Құрметті сайлаушылар!

Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.

0
0
177

«Nur Otan» партиясы тұрғындардың өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады

Кентау қаласына қарасты Иассы ауылдық округіне қарасты ауылдарда канвассинг іс-шарасы өтті.  Онда «Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Асылбек Утебаев, Дархан Серікбаев, Ерлан Арынов, Азизбек Азимов, Мақпал Әбішова  үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлаушылардың үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Айта кетейік, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші.

«Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.

Құрметті сайлаушылар!

Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.

0
0
103

Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін «BRB APK» ЖШС индустриялық аймағында сайлауалды штаб мүшесі, этнодизайнер, "Алтын Орда" авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы және директоры ТҰРСЫНЗАДА Ырза Тұрсынзадақызы, Республикалық сайлауалды штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат АДАМБАЕВ Сырым Жуматайұлы, Республикалық сайлауалды штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, "АЗМК" ЖШС Бас директоры ШАРДИНОВ Шухрад Ахметжанұлы және Республикалық сайлауалды штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат АВЕРШИН Константин Викторович сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында кездесу өткізілді.

0
0
227

Барлық тиімсіз бағдарламалардан бас тартамыз – Nur Otan сайлауалды штабы Алматыға келді

Билеуші партия өкілдері қоғам белсенділерімен, саясаттанушылармен, сарапшылармен, шағын және орта бизнес пен зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ жас стартапшылармен, ІТ мамандармен, блогерлермен және вайнерлермен бірқатар кездесулер өткізді

«Nur Otan» партиясы Елбасының 5 институционалды реформасы мен Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық жерде азаматтық бақылауды енгізуге, ең алдымен мұның бюджеттің жұмсалуы бойынша қолданылуына ықпал етеді. Біз қоғамдық сараптама мен онлайн-петицияға заңды мәртебе береміз, заңнамалық деңгейде ауыл әкімдерінің тікелей сайлануын енгізіп, барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз етеміз», - деді Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Б.Байбек.

Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясы азаматтар сауалдарының бірыңғай электронды жүйесін жасауды, барлық өңірде халық қатысатын бюджетті ендіруді, квази мемлекеттік секторда қоғамдық кеңестердің құрылуын қамтамасыз етуді және тағы басқаларды жоспарлап отыр.

Мемлекеттік органдардың тиімділігі мен есеп берушілігін арттыру үшін «Nur Otan» партиясы шенеуніктердің жалақысын азаматтардың әл-ауқатымен байланыстыра қарауды ұсынады. Бұл орайда өңірлердің жергілікті мәселелерді шешуде дербестігі артатын болады.

Таяу 5 жылдағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау болмақ.

«Nur Otan» партиясы салықтардың санын қысқартып, оларды есептеу тәртібін оңтайландыруға, әлеуметтік маңызды тауарларды өндірушілер үшін ҚҚС-ын төмендетуге, экономиканың нақты секторларын несиелендіруді кеңейту үшін жағдай жасауға қол жеткізеді. Салықтық міндеттемелердің орындалуына қашықтан мониторинг жасау енгізілмек.

Бизнесті санкцияланбаған тексерулерден қорғау үшін бизнесті салықтық заң бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шегін қайта қарау жоспарлануда. Сот пен прокурордың санкциясынсыз кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттеріне тыйым салынады. Азаматтардың денсаулығы мен экологияны қорғау талаптарына сай келмейтін барлық нормативтік-реттеу құжаттары алынып тасталады.

«Nur Otan» партиясы жас стартапшыларды қолдау мақсатында деректерді өңдеу мен сақтау саласына инвестицияларды 6 есеге, яғни 500 млрд. теңгеге дейін арттыра отырып, 1000 жаңа ІТ-компания ашуды ынталандырады.

Жұмыспен қамтудың жаңа нысандары – фриланс, қашықтан және ішінара жұмыспен қамтылу бойынша жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік кепілдікті заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету көзделеді. Жалпы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ІТ саласында 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Ертең Республикалық сайлауалды штаб Ақмола облысында бірқатар кездесулер өткізеді. Одан әрі 5 күн қатарынан Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарымен кездесулер жоспарланған.

#BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
214

Тарбағатай аудандық филиалының сенімді өкілдері үйлерді аралап "Есіктен есікке" акциясын өткізді

"Nur Otan" партиясы  Тарбағатай аудандық филиалының сенімді өкілдері Ойшілік ауылдық округінде үйді- үйлерді аралап "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында ауыл тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып,  дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір дауыс біз үшін маңызды!

0
0
129