«Nur Otan» партиясы тұрғындардың өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады
Кентау қаласына қарасты Иассы ауылдық округіне қарасты ауылдарда канвассинг іс-шарасы өтті. Онда «Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Асылбек Утебаев, Дархан Серікбаев, Ерлан Арынов, Азизбек Азимов, Мақпал Әбішова үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлаушылардың үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Айта кетейік, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші.
«Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.
Құрметті сайлаушылар!
Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.
